«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес Бородулиха аудандық мәслихаты
ШЕШТІ: 1. Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2022 жылғы 29 наурыздағы № 16-9-VII «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 166216 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық
мәслихат төрағасы С. Урашева