Бородулиха аудандық мәслихатының 2022 жылғы 30 желтоқсаңдағы
№ 26-18-VII «2023-2025 жылдарға арналған Бородулиха ауданы Степной ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«1. 2023-2025 жылдарға арналған Степной ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2, 3- қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2023 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 35351 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 1803 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 0 теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 20 мың теңге;
трансферттер түсімі – 33528 мың теңге;
2) шығындар – 35512,1 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -161,1 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 161,1 мың теңге, соның ішінде:
пайдаланылған бюджет қалдықтары – 161,1 мың теңге.»;
3-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«3. «2023 жылға арналған Степной ауылдық округінің бюджетінде аудандық бюджеттен 11237 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделсін.»;
осы шешімнің қосымшасына сәйкес көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын.
Аудандық мәслихат төрағасы С. Урашева