Бородулиха аудандық мәслихатының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 26-16-VII «2023-2025 жылдарға арналған Бородулиха ауданы Петропавловка ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Бородулиха аудандық мәслихатының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы

 № 26-16-VII «2023-2025 жылдарға арналған Бородулиха ауданы Петропавловка ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

 

 

Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Бородулиха аудандық мәслихатының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы

№ 26-16-VIІ «2023-2025 жылдарға арналған Бородулиха ауданы Петропавловка ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне мынадай өзгерістер және толықтыру енгізілсін:

1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

         «1. 2023-2025 жылдарға арналған Петропавловка ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2, 3- қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2023 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 49312,2 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 16889,2 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0 теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 5057 мың теңге;

трансферттер түсімі – 27366 мың теңге;

2) шығындар – 61704,7 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -12392,5 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –                        12392,5 мың теңге, соның ішінде:

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 12392,5 мың теңге.»;

мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

«2-1. 2023 жылға арналған Петропавловка ауылдық округінің бюджетінде аудандық бюджеттен 3569 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделсін.»;

осы шешімнің қосымшасына сәйкес көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы

жаңа редакцияда жазылсын.

 

 

  1. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық мәслихат төрағасы                                                   С. Урашева

 

Дата публикации
15 июня 2023