Бородулиха аудандық мәслихатының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 26-13-VII «2023-2025 жылдарға арналған Бородулиха ауданы Новопокровка ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. 2023-2025 жылдарға арналған Новопокровка ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2023 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 62297 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 11742 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 0 теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 200 мың теңге;
трансферттер түсімі – 50355 мың теңге;
2) шығындар – 64299,9 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 2002 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 2002 мың теңге, соның ішінде:
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 2002 мың теңге.»;
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. 2023 жылға арналған Новопокровка ауылдық округінің бюджетінде аудандық бюджеттен 1462 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделсін.»;
осы шешімнің қосымшасына сәйкес көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың төрағасы С.Урашева