Бородулиха аудандық мәслихатының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 26-12-VII «2023-2025 жылдарға арналған Бородулиха ауданы Новодворовка ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«1. 2023-2025 жылдарға арналған Новодворовка ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2023 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 51280 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 5328 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 0 теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
трансферттер түсімі – 45952 мың теңге;
2) шығындар – 51398,6 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -118,6 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 118,6 мың теңге, соның ішінде:
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 118,6 мың теңге.»;
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Новодворовка ауылдық округінің 2023 жылға арналған бюджетінде аудандық бюджеттен 11715 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделсін.»;
осы шешімнің қосымшасына сәйкес көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын.
Аудандық мәслихат төрағасы С. Урашева