Бородулиха аудандық мәслихатының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 26-4-VII «Бородулиха ауданы Белағаш ауылдық округінің 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Бородулиха  аудандық мәслихатының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы

№ 26-4-VII «Бородулиха ауданы Белағаш ауылдық округінің 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Бородулиха аудандық мәслихатының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 26-4-VII «Бородулиха ауданы Белағаш ауылдық округінің 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«1. Белағаш ауылдық округінің 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2023 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 71270 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 13110 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0 теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 329 мың теңге;

трансферттер түсімі – 57831 мың теңге;

2) шығындар – 71700,1 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -430,1 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 430,1 мың теңге, соның ішінде:

бюджет қаражатының пайдаланылған қалдықтары – 430,1 мың теңге.»;

3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«3. 2023 жылға арналған Белағаш ауылдық округінің бюджетінде аудандық бюджеттен 34459 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер қарастырылсын.»;

           көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

                                     

Аудандық мәслихат төрағасы                                                   С. Урашева

Дата публикации
15 июня 2023