Бородулиха аудандық мәслихатының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 26-3-VII «2023-2025 жылдарға арналған Бородулиха ауданы Бақы ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Бородулиха аудандық мәслихатының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы                  № 26-3-VII «2023-2025 жылдарға арналған Бородулиха ауданы Бақы ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Бородулиха аудандық мәслихатының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 26-3-VIІ «2023-2025 жылдарға арналған Бородулиха ауданы Бақы ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«1. 2023-2025 жылдарға арналған Бақы ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2023 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 61144 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 4109 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0 теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 50 мың теңге;

трансферттер түсімі – 57255 мың теңге;

2) шығындар – 63177,3 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 1763,3 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –                        1763,3 мың теңге, соның ішінде:

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1763,3 мың теңге.»;

3-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«3. Бақы ауылдық округінің бюджетінде 2023 жылға аудандық бюджеттен 36331 мың теңге сомасындағы ағымдағы нысаналы трансферттер карастырылсын.».

  1. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

                  

 

Аудандық мәслихат төрағасы                                                       С. Урашева

Дата публикации
15 июня 2023