Бородулиха аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 25-2-VII «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Бородулиха аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 25-2-VII «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2, 3- қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2023 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 5135062,8  мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 2378499 мың теңге;  

салықтық емес түсімдер – 6202 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 6000 мың теңге;

трансферттер түсімі – 2744361,8 мың теңге;

2) шығындар – 5331780,9 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 11320 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 67275 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 55955 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) –   - 208038,1 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –

208038,1  мың теңге, соның ішінде:

қарыздар түсімі – 67275 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 55955 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 196718,1 мың теңге.»;

2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын.

«2. 2023 жылға аудан бюджетіне әлеуметтік салық 39,8%, төлем көзінен салық салынатын кірістерден жеке табыс салығы 37,6%, төлем көзінен салық салынбайтын кірістерден жеке табыс салығы, төлем көзінен салық салынбайтын шетел азаматтарының кірістерінен жеке табыс салығы бойынша кірістерді бөлу, ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы 100 пайыз мөлшерінде нормативтерді орындауға қабылдансын.»;

7- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«7. 2023 жылға арналған аудандық бюджетте республикалық бюджеттен және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 233777 мың теңге сомасында нысаналы даму трансферттері көзделсін.»;

мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

«7-1. 2023 жылға арналған аудандық бюджетте республикалық бюджеттен және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 192000 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделсін.»;

8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«8. 2023 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен 2259986 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделсін.»;

мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:

«8-1. 2023 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен нысаналы даму трансферттері 45530,1 мың теңге сомасында көзделсін.»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Аудандық мәслихат

төрағасы                                                              С. Урашева

 

Дата публикации
11 мая 2023