Бородулиха аудандық мәслихатының
2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 26-22-VII
шешімімен бекітілген
«Абай облысы Бородулиха ауданының мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпы ережелер 1. «Абай облысы Бородулиха ауданының мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мәслихат аппараты) тиісті мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. 2. Мәслихат аппаратының ведомстволары жоқ. 3. Мәслихат аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 4. Мәслихат аппараты мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы мемлекеттік тілінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар. 5. Мәслихат аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды. 6. Мәслихат аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы. 7. Мәслихат аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бородулиха аудандық мәслихат төрағасының өкімімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды. 8. Мәслихат аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі. 9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 070400, Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 69. 10. Осы Ереже Мәслихат аппаратының құрылтай құжаты болып табылады. 11. Мәслихат аппаратының қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады. 12. Мәслихат аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен мәслихат аппаратының өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. 2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері 13. Мақсаттары: жергілікті мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру; аудандық мәслихаттың органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыру; Бородулиха аудандық мәслихат депутаттарына өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсету; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету бойынша өзге де міндеттерді жүзеге асыру. 14. Өкілеттіктері: 1) құқықтары: өз құзыреті шегінде белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан, басқа да ұйымдардан аудандық мәслихат қызметінің мәселелері бойынша ақпарат сұратуға; азаматтардың депутаттық сауалдарын, ұсыныстарын, өтініштерін қарау үшін мемлекеттік органдарға, қоғамдық бірлестіктерге, өзге де ұйымдарға жіберу; мәслихат депутаттарынан олардың қызметі мәселелері бойынша мәліметтер, ақпараттар сұрату; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы; 2) міндеттері: Бородулиха аудандық мәслихатының сессияларында, тұрақты (уақытша) комиссияларында қабылданған шешімдердің орындалуын бақылау; мемлекеттік мекемелерден, үкіметтік емес ұйымдардан, қоғамдық бірлестіктерден, заңды және жеке тұлғалардан қағаз және электронды түрде келіп түскен хат-хабарлардың уақтылы орындалуын бақылау; Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жүктелген функцияларды орындау. 15. Функциялары: жергілікті мемлекеттік басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру үшін мәслихаттың нормативтік құқықтық қамтамасыз етілуін реттеу; аудандық мәслихат қызметінде заңдылықтың сақталуын бақылау; мәслихат қызметіне қатысты талдамалы және өзге де ақпаратты, материалдарды дайындау; мәслихаттың мемлекеттік функцияларын іске асыруға бағытталған аудандық мәслихаттың актілерін әзірлеуге қатысу; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге нормативтік құқықтық сипаттағы мәслихат шешімдерін ресімдеу және ұсыну және олардың құқықтық мониторингін жүргізу; аудандық мәслихаттың және оның тұрақты (уақытша) комиссияларының актілерінің орындалуына бақылауды жүзеге асыру; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; сот және өзге де құқық қорғау органдарында аудандық мәслихаттың және мәслихат аппаратының мүдделерін білдіру және қорғау; Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мәслихат депутаттарының және мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыруға арналған шығыстарды жоспарлау; мәслихат сессияларын дайындау мен өткізудің ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларын жүзеге асыру; пленарлық отырыстарға, тұрақты комиссиялардың отырыстарына қатысу және депутаттарға шешімдердің жобаларын, комиссиялардың қорытындылары мен мәслихат шешімдерін сапалы дайындау мәселелерінде көмек көрсету; мәслихат регламентіне сәйкес сессия хаттамаларын, шешімдер жинағын рәсімдеу; мәслихат қызметінің мәселелері бойынша баяндамалар, шешімдер, анықтамалар және басқа да құжаттар жобаларын дайындауды ұйымдастыру; мәслихатқа түскен іс қағаздарын жүргізу және хат-хабарларды өңдеу, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес ақпарат алмасуды қамтамасыз ету; мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыру мәселелерін үйлестіру; материалдарды ресімдеу, сақтау және уақтылы мұрағатқа тапсыруды қамтамасыз ету; аппарат қызметкерлерінің жеке іс құжаттарын есепке алуды ұйымдастыру; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге да функцияларды жүзеге асыру. 3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері 16. Мәслихат аппаратын басқаруды аудандық мәслихат төрағасы жүзеге асырады, ол Мәслихат аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады. 17. Аудандық мәслихат төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады. 18. Аудандық мәслихат төрағасының орынбасарлары жоқ. 19. Аудандық мәслихат төрағасының өкілеттіктері: 1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді әзірлеуді ұйымдастырады, сессияның күн тәртібін қалыптастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етеді, мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекітілген шешімдерге, өзге де құжаттарға қол қояды; 2) мәслихат сессиясын шақыру туралы шешім қабылдайды; 3) мәслихат сессиясының отырыстарын жүргізеді, мәслихат регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді; 4) мәслихат депутаттарының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдеседі, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтеріндегі жұмысқа қатысу үшін қызметтік міндеттерін орындаудан босатуға байланысты мәселелерді қарайды; 5) депутаттар сауалдары мен депутаттық өтініштердің қаралуын бақылайды; 6) мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды, оның қызметшілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 7) сайлаушылардың өтініштері мен олар бойынша қабылданған шаралар туралы үнемі ақпарат мәслихатқа жіберіп отырады; 8) аудандық мәслихаттың өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады; 9) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 24-бабының 1-тармағына сәйкес әкімге сенімсіздік білдіру туралы мәселеге бастамашылық еткен аудандық мәслихат депутаттарының жиналған қолдарының төлнұсқалығын тексеруді ұйымдастырады; 10) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкімдер шығарады; 11) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестіреді; 12) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынастарда мәслихат атынан өкіл болады; 13) мәслихат шешімдерінің жариялануын қамтамасыз етеді, олардың орындалуына бақылау жасау жөніндегі іс-шараларды белгілейді; 14) Қазақстан Республикасының заңнамасында, регламентте және мәслихат шешімінде көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайды. Мәслихат төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады. 20. Мәслихат аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және қызметтен босатылатын мәслихат аппаратының басшысы басқарады. 4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі 21. Мәслихат аппаратының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. 22. Мәслихат аппаратына бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады. 23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Мәслихат аппаратының өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ. 5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату 26. Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.