2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 73, 75-баптарына, «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ: 1. 2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2, 3- қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2023 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер – 4687901 мың теңге, соның ішінде: салықтық түсімдер – 2308309 мың теңге; салықтық емес түсімдер – 7402 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге; трансферттердің түсімдері - 2372190 теңге; 2) шығындар – 4687901 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу - 11320 мың теңге, соның ішінде: бюджеттік кредиттер – 67275 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 55955 мың теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, соның ішінде: қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 11320 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 11320 мың теңге, соның ішінде: қарыздар түсімі – 67275 мың теңге; қарыздарды өтеу – 55955 мың теңге; бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 0 теңге.»; 2. «2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Абай облысы мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы №11/66-VII шешімімен бекітілген, 2023 жылға аудан бюджетіне әлеуметтік салық, төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы, төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы, төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы, ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы бойынша кірістерді бөлу нормативтері 100 пайыз мөлшерінде орындауға қабылдансын. 3. 2023 жылға арналған аудан бюджетінен облыстық бюджетке бюджеттік алып қою көлемі 356046 мың теңге сомасында ескерілсін. 2023 жылға арналған аудандық бюджетте аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтерге берілетін бюджеттік субвенцияның көлемі 542150 мың теңге сомасында ескерілсін, соның ішінде: Андреевка ауылдық округіне 32632 мың теңге; Бақы ауылдық округіне 22318 мың теңге; Белағаш ауылдық округіне 23372 мың теңге; Бородулиха ауылдық округіне 35546 мың теңге; Дмитриевка ауылдық округіне 24015 мың теңге; Жезкент кенттік округіне 40532 мың теңге; Жерновка ауылдық округіне 20561 мың теңге; Зубаир ауылдық округіне 22529 мың теңге; Құнарлы ауылдық округіне 26686 мың теңге; Красный Яр ауылдық округіне 28617 мың теңге; Новодворовка ауылдық округіне 33937 мың теңге; Новошульба ауылдық округіне 61448 мың теңге; Новопокровка ауылдық округіне 44993 мың теңге; Переменовка ауылдық округіне 27408 мың теңге; Петропавловка ауылдық округіне 23797 мың теңге; Подборный ауылдық округіне 24634 мың теңге; Степной ауылдық округіне 22291 мың теңге; Таврия ауылдық округіне 26834 мың теңге. 5. Ауданның жергілікті атқарушы органының 2023 жылға арналған резерві 30000 мың теңге сомасында бекітілсін. 6. 2023 жылға арналған аудандық бюджеттен аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттеріне нысаналы трансферттерді бөлу Бородулиха ауданы әкімдігінің қаулысымен айқындалады. 7. 2023 жылға арналған аудандық бюджетте республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері 131160 мың теңге сомасында көзделсін. 8. 2023 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен 2241030 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделсін. Облыстық бюджеттен аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттеріне 2023 жылға арналған нысаналы трансферттерді бөлу Бородулиха ауданы әкімдігінің қаулысымен айқындалады. 9. 2023 жылға арналған аудандық бюджетте мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін республикалық бюджеттен 67275 мың теңге сомасында кредиттер көзделсін. 10. Осы шешім 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Аудандық

мәслихат хатшысы                                                У. Майжанов

Дата публикации
23 декабря 2022