«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 10-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ: 1. Бородулиха аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының мүшелері осы шешімнің №1 - №12 қосымшаларына сәйкес сайлансын. 2. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын. 3. Сайлау комиссияларының жаңадан құрылған құрамымен алғашқы отырыстарды 7 күн ішінде өткізу ұсынылсын. 4. Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық
мәслихат төрағасы У. Майжанов