Бородулиха аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 12-7-VII «Бородулиха ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Бородулиха аудандық мәслихатының «Бородулиха ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 12-7-VII шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26100 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

«Бородулиха ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы»;

көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Бородулиха ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудандық мәслихат хатшысы

У. Майжанов

Дата публикации
21 октября 2022