Бородулиха аудандық мәслихатының 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 29-2-V «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы Қағиданы бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Бородулиха аудандық мәслихатының 2015 жылғы 26 қаңтардағы                         № 29-2-V «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы Қағиданы бекіту туралы» шешіміне                                

өзгерістер енгізу туралы

 

 

Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Бородулиха аудандық мәслихатының «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы Қағиданы бекіту туралы» 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 29-2-V шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3695 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

«Бородулиха ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы»;

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Бородулиха ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі айқындалсын.»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық мәслихат хатшысы

 

У. Майжанов



Дата публикации
21 октября 2022