«Абай облысы Бородулиха ауданының мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені қайта атау және бекіту туралы

«Абай облысы Бородулиха ауданының

мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі

туралы Ережені қайта атау және бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7-бабының                 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 мамырдағы № 887 «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Жарлығының 2-тармағы 1) тармақшасына сәйкес, Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі «Абай облысы Бородулиха ауданының мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
  2. «Абай облысы Бородулиха ауданының мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы қоса беріліп отырған Ереже бекітілсін.
  3. Бородулиха ауданы мәслихатының 2011 жылғы 13 маусымдағы № 36-12-IV «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» шешімі жойылсын.
  4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудандық мәслихат аппаратының басшысы Г. Ибраеваға жүктелсін.
  5. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

                                          

                                                                                                                                                                                                  

Аудандық мәслихат хатшысы                                                    У. Майжанов

 

Дата публикации
15 сентября 2022