ЖОБА
Бородулиха аудандық мәслихатының шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
- Бородулиха аудандық мәслихатының 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 16-3-VI «Сот шешімімен Бородулиха ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5346 болып тіркелген) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат хатшысы У. Майжанов