Бородулиха аудандық мәслихатының
2022 жылғы 3 маусымдағы № 18-8-VII шешімі
Бородулиха аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 13-13-VII «2022-2024 жылдарға арналған Бородулиха ауданы Новопокровка ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«1. 2022-2024 жылдарға арналған Новопокровка ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2, 3- қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 62897 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 10084 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 0 теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 659 мың теңге;
трансферттер түсімі – 52154 мың теңге;
2) шығындар – 66216,3 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -3319,3 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 3319,3 мың теңге, соның ішінде:
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 3319,3 мың теңге.»;
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. 2022 жылға арналған Новопокровка ауылдық округінің бюджетінде аудандық бюджеттен 22507 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделсін.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Аудандық мәслихат хатшысы У. Майжанов