Бородулиха аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 13-11-VI «2022-2024 жылдарға арналған Бородулиха ауданы Құнарлы ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Бородулиха аудандық мәслихатының

2022 жылғы 3 маусымдағы № 18-7-VII шешімі

 

 

 

 

 

 

 

Бородулиха аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 13-11-VI «2022-2024 жылдарға арналған Бородулиха ауданы Құнарлы ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Бородулиха аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 13-11-VI «2022-2024 жылдарға арналған Бородулиха ауданы Құнарлы ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1- тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«1. 2022-2024 жылдарға арналған Құнарлы ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2, 3- қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 35283 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 4268 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0 теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 30 мың теңге;

трансферттер түсімі – 30985 мың теңге;

2) шығындар – 36400 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу –  0 теңге;

         4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -1117 мың теңге;

         6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –                       1117 мың теңге, соның ішінде:

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1117 мың теңге.»;

4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

         «4. 2022 жылға арналған Құнарлы ауылдық округінің бюджетіне аудандық бюджеттен 14557 мың теңге сомасында нысаналы трансферттер көзделсін.»;

         осы шешімнің қосымшасына сәйкес аталған шешімнің 1-қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық мәслихат хатшысы                                                У. Майжанов

Дата публикации
08 июня 2022