Бородулиха аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 12-2-VII «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Бородулиха аудандық мәслихатының 2021 жылғы

24 желтоқсандағы № 12-2-VII «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Бородулиха аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 12-2-VII «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26158 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«1. 2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2, 3- қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 3891817,7 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 1671303 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 6451 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

трансферттер түсімі – 2214063,7 мың теңге;

2) шығындар – 4160268,6 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 41417 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 91890 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 50473 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, соның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 309867,9 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 309867,9 мың теңге, соның ішінде:

қарыздар түсімі – 91890 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 50473 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 268450,9 мың теңге.»;

5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«5. Ауданның жергілікті атқарушы органының 2022 жылға арналған резерві 36627 мың теңге сомасында бекітілсін.»;

8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«8. 2022 жылға арналған аудандық бюджетте республикалық бюджеттен және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 1004905 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделсін.»;

10-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«10. 2022 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер 353064,3 мың теңге сомасында көзделсін.»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық мәслихат хатшысы                                                   У. Майжанов

Дата публикации
21 июня 2022