Бородулиха аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 13-16-VII «2022-2024 жылдарға арналған Бородулиха ауданы Петропавловка ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
№ 13-16-VIІ «2022-2024 жылдарға арналған Бородулиха ауданы Петропавловка ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«1. 2022-2024 жылдарға арналған Петропавловка ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2, 3- қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 223129 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 10993 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 0 теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 6112 мың теңге;
трансферттер түсімі – 206024 мың теңге;
2) шығындар – 223571 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -442 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 442 мың теңге, соның ішінде:
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 442 мың теңге.»;
осы шешімнің қосымшасына сәйкес көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын.
Аудандық мәслихат хатшысы У. Майжанов