Бородулиха аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 13-14-VII «2022-2024 жылдарға арналған Бородулиха ауданы Новошульба ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Бородулиха аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы                № 13-14-VII «2022-2024 жылдарға арналған Бородулиха ауданы Новошульба ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Бородулиха аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 13-14-VII «2022-2024 жылдарға арналған Бородулиха ауданы Новошульба ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне мынадай өзгерістер  енгізілсін:

1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«1. 2022-2024 жылдарға арналған Новошульба ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2, 3- қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 76845 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 11155 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0 теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 130 мың теңге;    

трансферттер түсімі – 65560 мың теңге;

2) шығындар – 78367,3 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -1522,3 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 1522,3 мың теңге, соның ішінде:

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1522,3 мың теңге.»;

4-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«4. 2022 жылға арналған Новошульба ауылдық округінің бюджетінде аудандық бюджеттен 23899 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделсін.»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық мәслихат хатшысы                                                          У. Майжанов

Дата публикации
01 июня 2022