Бородулиха аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 13-7-VІI «2022-2024 жылдарға арналған Бородулиха ауданы Жезкент кенттік округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«1. 2022-2024 жылдарға арналған Жезкент кенттік округінің бюджеті тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 113637 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 31516 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 714 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 320 мың теңге;
трансферттер түсімі – 81087 мың теңге;
2) шығындар – 116817,6 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -3180 теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 3180 мың теңге, соның ішінде:
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 3180 мың теңге.»;
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Жезкент кенттік округінің 2022 жылға арналған бюджетінде аудандық бюджеттен 28807 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделсін.»;
осы шешімнің қосымшасына сәйкес көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын.
Аудандық мәслихат хатшысы У. Майжанов