Бородулиха аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 13-5-VII «2022-2024 жылдарға арналған Бородулиха ауданы Бородулиха ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«1. 2022-2024 жылдарға арналған Бородулиха ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2, 3- қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 136048 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 39524 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 0 теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 280 мың теңге;
трансферттер түсімі – 96244 мың теңге;
2) шығындар – 143528,4 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -7480,4 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
7480,4 мың теңге, соның ішінде:
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 7480,4 мың теңге.»;
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. 2022 жылға арналған Бородулиха ауылдық округінің бюджетіне аудандық бюджеттен 66040 мың теңге сомасында нысаналы трансферттер көзделсін.»;
осы шешімнің қосымшасына сәйкес аталған шешімнің 1-қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын.
Аудандық мәслихат хатшысы У. Майжанов