Бородулиха аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 13-3-VII «2022-2024 жылдарға арналған Бородулиха ауданы Бақы ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«1. 2022-2024 жылдарға арналған Бақы ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2, 3- қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 36074 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 3139 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 0 теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 5990 мың теңге;
трансферттер түсімі – 26945 мың теңге;
2) шығындар – 36729 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -655 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 655 мың теңге, соның ішінде:
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 655 мың теңге.»;
осы шешімнің қосымшасына сәйкес аталған шешімнің 1-қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын.
Аудандық мәслихат хатшысы У. Майжанов