Бородулиха аудандық мәслихатының
2022 жылға арналған жұмыс
ЖОСПАРЫ
I тоқсан
- 2021 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есеп.
Баяндамашы: Юлия Валерьевна Сутормина – «ШҚО Бородулиха ауданының қаржы бөлімі» ММ басшысы.
- Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының Бородулиха ауданының 2020 жылға арналған жергілікті бюджетінің атқарылуы туралы есебі.
Баяндамашы: Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының өкілі.
- Ауданның даму бағдарламаларының нысаналы индикаторларына қол жеткізу, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы ақпарат.
Баяндамашы: Найра Кұттбайқызы Көкшебаева – «ШҚО Бородулиха ауданының білім бөлімі» ММ басшысы.
- Бородулиха ауданының аумағында су тасқынына қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу туралы.
Баяндамашы: Ержан Серікжанұлы Сүлейменов – ШҚО Бородулиха ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы.
II тоқсан
- Бородулиха ауданы әкімінің жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі.
Баяндамашы: Кинұғұл Қашкенұлы Бичуинов – Бородулиха ауданының әкімі.
- Ауданның даму бағдарламаларының нысаналы индикаторларына қол жеткізу, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы ақпарат.
Баяндамашы: Альмира Қадырбайқызы Байболова – «ШҚО Бородулиха ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ басшысы.
- Өнеркәсіп, құрылыс, көлік, байланыс, кәсіпкерлік, заңдылық және құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның жұмысы туралы есеп.
Баяндамашы: Кималлидин Сағалбайұлы Әпенов – депутат, тұрақты комиссияның төрағасы.
III тоқсан
- 2022-2023 жылдардағы жылу беру маусымына тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді, жылумен жабдықтаушы ұйымдарды, тұрғын үй қорын және әлеуметтік-мәдени маңызы бар объектілерді дайындау қорытындылары туралы.
Баяндамашы: Юрий Июрикович Хасанов – «ШҚО Бородулиха ауданының ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы
- Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді айналымға тарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы.
Баяндамашы: Зарина Викторовна Мукатова – «ШҚО Бородулиха ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ басшысы.
- Бородулиха ауданы бойынша мал шаруашылығы саласының жай-күйі мен даму перспективалары туралы.
Баяндамашы: Марат Аждарұлы Нұркешев – «ШҚО Бородулиха ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы.
- Агроөнеркәсіптік кешен, экология, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның жұмысы туралы есеп.
Баяндамашы: Юрий Геннадьевич Ковязин – депутат, тұрақты комиссияның төрағасы.
IV тоқсан
- 2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы.
Баяндамашы: Арман Серқанұлы Жемағұлов– «ШҚО Бородулиха ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ басшысы.
- Бородулиха аудандық мәслихат хатшысының есебі.
Баяндамашы: Майжанов Уәлихан Төкенұлы – аудандық мәслихаттың хатшысы.
- Бородулиха ауданында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын іске асыру барысы туралы.
Баяндамашы: Айсұлу Сабырханқызы Кубаева– «ШҚО Бородулиха ауданы әкімінің аппараты» ММ заң бөлімінің басшысы.
- Депутаттық өкілеттік және этика, білім беру, денсаулық сақтау, жастар, әлеуметтік-мәдени даму, бюджет және бюджеттік жоспарлау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның жұмысы туралы есеп.
Баяндамашы: Виктория Анатольевна Мокроусова – депутат, тұрақты комиссияның төрағасы.\
- Бородулиха аудандық мәслихатының 2023 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы.