«2022-2024 жылдарға арналған Бородулиха ауданы Степной ауылдық округінің бюджеті туралы»

Бородулиха аудандық мәслихатының

2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 13-18-VII шешімі

 

 

 

 

 

 

«2022-2024 жылдарға арналған Бородулиха ауданы Степной ауылдық округінің бюджеті туралы»

 

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-1-бабының2-тармағына, 75-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. 2022-2024 жылдарға арналған Степной ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1,2,3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 28669мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 2149 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0 теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 20мың теңге;

трансферттер түсімі – 26500 мың теңге;

2) шығындар – 28669 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0 теңге.

  1. 2022 жылға арналған Степной ауылдық округ бюджетіне аудандық бюджеттен берілетін бюджеттік субвенцияның көлемі 15806 мың теңге сомасында ескерілсін.
  2. 2022 жылға арналған Степной ауылдық округінің бюджетіне республикалық бюджеттен берілетін трансферттер көлемі 690 мың теңге сомасында ескерілсін.
  3. 2022 жылға арналған Степной ауылдық округінің бюджетіне аудандық бюджеттен берілетін трансферттер көлемі 10004 мың теңге сомасында ескерілсін.
  4. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық мәслихат хатшысы                                                       У. Майжанов 

 

Дата публикации
18 марта 2022