2022-2024 жылдарға арналған Бородулиха ауданы Новошульба ауылдық округінің бюджеті туралы

 

Бородулиха аудандық мәслихатының

2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 13-14-VII шешімі

 

 

 

 

 

2022-2024 жылдарға арналған Бородулиха ауданы Новошульба ауылдық округінің бюджеті туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 9-1-бабының 2-тармағына, 75-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасынасәйкес, Бородулиха аудандық мәслихатыШЕШТІ:

1.2022-2024 жылдарға арналған Новошульба ауылдық округінің бюджеті тиісінше1, 2, 3- қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2022 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 91775мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 13735 мың теңге; 

салықтық емес түсімдер –0 теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер–130 мың теңге;

трансферттер түсімі – 77910 мың теңге;

2) шығындар – 91775мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) –  0 теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану)                     –0теңге.

  1. 2022 жылға арналған Новошульба ауылдық округ бюджетіне аудандық бюджеттен берілетін бюджеттік субвенцияның көлемі 41661 мың теңге сомасында қарастырылсын.
  2. 2022 жылға арналған Новошульба ауылдық округінің бюджетінде республикалық бюджеттен 3748 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделсін.
  3. 2022 жылға арналған Новошульба ауылдық округінің бюджетінде аудандық бюджеттен 32501 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделсін.
  4. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық мәслихат хатшысы                           У. Майжанов

Дата публикации
18 марта 2022