2022-2024 жылдарға арналған Бородулиха ауданы Новодворовка ауылдық округінің бюджеті туралы

Бородулиха аудандық мәслихатының

2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 13-12-VII шешімі

 

 

 

 

 

 

 

 

2022-2024 жылдарға арналған Бородулиха ауданы Новодворовка ауылдық округінің бюджеті туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-1-бабының 2-тармағына, 75-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. 2022-2024 жылдарға арналған Новодворовка ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1,2,3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 77373мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 4850 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0 теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 70 мың теңге;

трансферттер түсімі – 72453 мың теңге;

2) шығындар – 77373 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0 теңге.

  1. 2022 жылға арналған Новодворовка ауылдық округ бюджетіне аудандық бюджеттен берілетін бюджеттік субвенцияның көлемі 14308 мың теңге сомасында ескерілсін.
  2. 2022 жылға арналған Новодворовка ауылдық округінің бюджетінде республикалық бюджеттен және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 41331 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделсін.
  3. 2022 жылға арналған Новодворовка ауылдық округінің бюджетінде облыстық бюджеттен 4550 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделсін.
  4. 2022 жылға арналған Новодворовка ауылдық округінің бюджетінде аудандық бюджеттен 12264 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделсін.
  5. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандықмәслихатхатшысы                                                         У. Майжанов 

Дата публикации
18 марта 2022