2022-2024 жылдарға арналған Бородулиха ауданы Құнарлы ауылдық округінің бюджеті туралы

Бородулиха аудандық мәслихатының

2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 13-11-VII шешімі

 

 

 

 

 

 

2022-2024 жылдарға арналған Бородулиха ауданы Құнарлы ауылдық округінің бюджеті туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-1-бабының 2-тармағына, 75-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. 2022-2024 жылдарға арналған Кұнарлы ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 35283мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 6006 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0 теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 30 мың теңге;

трансферттер түсімі – 29247 мың теңге;

2) шығындар – 35283 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу –  0 теңге;

          4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо –                     0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 теңге;

          6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –                         0 теңге.

  1. 2022 жылға арналған Құнарлы ауылдық округ бюджетіне аудандық бюджеттен берілетін бюджеттік субвенцияның көлемі 15844мың теңге сомасында белгіленгені ескерілсін.
  2. Құнарлы ауылдық округіне 2022 жылға республикалық бюджеттен 584 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделсін.
  3. Құнарлы ауылдық округіне 2022 жылға аудандық бюджеттен 12819 мың теңге сомасында нысаналы трансферттер көзделсін.
  4. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 Аудандық мәслихат хатшысы                                                   У. Майжанов                    

Дата публикации
18 марта 2022