2022-2024 жылдарға арналған Бородулиха ауданы Бақы ауылдық округінің бюджеті туралы

Бородулиха аудандық мәслихатының

2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 13-3-VII шешімі

 

 

 

 

 

 

 

2022-2024 жылдарға арналған Бородулиха ауданы Бақы ауылдық округінің бюджеті туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-1-бабының 2-тармағына, 75-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. 2022-2024 жылдарға арналған Бақы ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1,2,3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 30529мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 3529 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0 теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 55 мың теңге;

трансферттер түсімі – 26945 мың теңге;

2) шығындар – 30529 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0 теңге.

  1. 2022 жылға арналған Бақы ауылдық округ бюджетіне аудандық бюджеттен берілетін бюджеттік субвенцияның көлемі 14608 мың теңге сомасында ескерілсін.
  2. Бақы ауылдық округінің бюджетінде 2022 жылға республикалық бюджеттен 424 мың теңге сомасындағы ағымдағы нысаналы трансферттер қарастырылсын
  3. Бақы ауылдық округінің бюджетінде 2022 жылға аудандық бюджеттен 11913 мың теңге сомасындағы ағымдағы нысаналы трансферттер қарастырылсын
  4. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық мәслихат хатшысы                                                       У. Майжанов

Дата публикации
18 марта 2022