Бородулиха ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы

Бородулиха аудандық мәслихатының

2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 12-7-VII шешімі

 

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде

№ 26100 нөмірімен тіркелген

 

 

Бородулиха ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды  жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы

 

 

          Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңының                      16-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Бородулиха ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу  тәртібі мен мөлшері, осы шешімнің 1- қосымшасына сәйкес айқындалсын.
  2. Осы шешімнің 2- қосымшасына сәйкес Бородулиха аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Аудандық мәслихат хатшысы

 

У. Майжанов

 

 

Дата публикации
18 марта 2022