2022-2024 жылдарға арналған Бородулиха ауданы Таврия ауылдық округінің бюджеті туралы

2022-2024 жылдарға арналған Бородулиха ауданы Таврия ауылдық округінің бюджеті туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-1-бабының                              2-тармағына, 75-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1)тармақшасына сәйкес, Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. 2022-2024 жылдарға арналған Таврия ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2, 3- қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 32620 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 3646 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0 теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 30 теңге;

трансферттер түсімі – 28944 мың теңге;

2) шығындар – 32620 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0 теңге.

  1. 2022 жылға арналған Таврия ауылдық округ бюджетіне аудандық бюджеттен берілетін бюджеттік субвенцияның көлемі 16235 мың теңге сомасында ескерілсін.
  2. 2022 жылға арналған Таврия ауылдық округінің бюджетіне республикалық бюджеттен берілетін трансферттер көлемі 342 мың теңге сомасында ескерілсін.
  3. 2022 жылға арналған Таврия ауылдық округінің бюджетіне аудандық бюджеттен берілетін трансферттер көлемі 12367 мың теңге сомасында ескерілсін.
  4. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық мәслихат хатшысы                                                  У. Майжанов

Дата публикации
09 марта 2022