2022-2024 жылдарға арналған Бородулиха ауданы Переменовка ауылдық округінің бюджеті туралы

2022-2024 жылдарға арналған Бородулиха ауданы Переменовка ауылдық округінің бюджеті туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-1-бабының                       2-тармағына, 75-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына,  Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. 2022-2024 жылдарға арналған Переменовка ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2, 3- қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 39525 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 8127 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0 теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 40 мың теңге;

трансферттер түсімі – 31358 мың теңге;

2) шығындар – 39525 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –               0 теңге.

  1. 2022 жылға арналған Переменовка ауылдық округ бюджетіне аудандық бюджеттен берілетін бюджеттік субвенцияның көлемі 16841 мың теңге сомасында ескерілсін.
  2. 2022 жылға арналған Переменовка ауылдық округінің бюджетінде республикалық бюджеттен 2301 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделсін.
  3. 2022 жылға арналған Переменовка ауылдық округінің бюджетінде аудандық бюджеттен 12216 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделсін.
  4. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық мәслихат хатшысы                                                     У. Майжанов

Дата публикации
09 марта 2022