2022-2024 жылдарға арналған Бородулиха ауданы Новопокровка ауылдық округінің бюджеті туралы

2022-2024  жылдарға арналған Бородулиха ауданы Новопокровка ауылдық округінің бюджеті туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 9-1-бабының 2-тармағына, 75-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. 2022-2024 жылдарға арналған Новопокровка ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2, 3- қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 58075 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 10533 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0 теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 210 мың теңге;

трансферттер түсімі – 47332 мың теңге;

2) шығындар – 58075 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0 теңге.

  1. 2022 жылға арналған Новопокровка ауылдық округ бюджетіне аудандық бюджеттен берілетін бюджеттік субвенцияның көлемі 27054 мың теңге сомасында ескерілсін.
  2. 2022 жылға арналған Новопокровка ауылдық округінің бюджетінде республикалық бюджеттен 2593 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделсін.
  3. 2022 жылға арналған Новопокровка ауылдық округінің бюджетінде аудандық бюджеттен 17685 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделсін.
  4. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық мәслихат хатшысы                                                          У. Майжанов

Дата публикации
09 марта 2022