2022-2024 жылдарға арналған Бородулиха ауданы Красный Яр ауылдық округінің бюджеті туралы

2022-2024 жылдарға арналған Бородулиха ауданы Красный Яр ауылдық округінің бюджеті туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-1-бабының                          2-тармағына, 75-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. 2022-2024 жылдарға арналған Красный Яр ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2, 3- қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2022 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 35374 мың теңге, соның ішінде:

          салықтық түсімдер – 3434 мың теңге;

          салықтық емес түсімдер – 0 теңге;

          негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 30 мың теңге;

трансферттер түсімі – 31910 мың теңге;

2) шығындар – 35374 мың теңге;

          3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:

          4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге;

          5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 теңге;

          6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0 теңге.

  1. 2022 жылға арналған Красный Яр ауылдық округ бюджетіне аудандық бюджеттен берілетін бюджеттік субвенцияның көлемі 20860 мың теңге сомасында ескерілсін.
  2. 2022 жылға арналған Красный Яр ауылдық округінің бюджетінде республикалық бюджеттен 667 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделсін;

4 2022 жылға арналған Красный Яр ауылдық округінің бюджетінде аудандық бюджеттен 10383 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделсін;

  1. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық мәслихат хатшысы                                               У. Майжанов

 

 

                                                                                                         

Дата публикации
09 марта 2022