2022-2024 жылдарға арналған Бородулиха ауданы Жезкент кенттік округінің бюджеті туралы

 

2022-2024 жылдарға арналған Бородулиха ауданы Жезкент кенттік округінің бюджеті туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-1-бабының                              2-тармағына, 75-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. 2022-2024 жылдарға арналған Жезкент кенттік округінің бюджеті тиісінше 1, 2, 3- қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 113637 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 35831 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 714 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 320 мың теңге;

трансферттер түсімі – 76772 мың теңге;

2) шығындар – 113637 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0 теңге.

  1. 2022 жылға арналған Жезкент кенттік округінің бюджетіне аудандық бюджеттен берілетін бюджеттік субвенцияның көлемі 23740 мың теңге сомасында ескерілсін.
  2. 2022 жылға арналған Жезкент кенттік округінің бюджетінде республикалық бюджеттен 6940 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделсін.
  3. 2022 жылға арналған Жезкент кенттік округінің бюджетінде облыстық бюджеттен 21600 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделсін.
  4. 2022 жылға арналған Жезкент кенттік округінің бюджетінде аудандық бюджеттен 24492 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделсін.

 

  1. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық мәслихат хатшысы                                                      У. Майжанов

Дата публикации
09 марта 2022