2022-2024 жылдарға арналған Бородулиха ауданы Бақы ауылдық округінің бюджеті туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-1-бабының 2-тармағына, 75-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1) кірістер – 30529 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 3529 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 0 теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 55 мың теңге;
трансферттер түсімі – 26945 мың теңге;
2) шығындар – 30529 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0 теңге.
Аудандық мәслихат хатшысы У. Майжанов