ЖОБА
Бородулиха ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңының 16-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Бородулиха ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
- Бородулиха ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері, осы шешімнің 1- қосымшасына сәйкес айқындалсын.
- Осы шешімнің 2- қосымшасына сәйкес Бородулиха аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат хатшысы У. Майжанов