Өнеркәсіп, құрылыс, көлік, байланыс, кәсіпкерлік, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның жұмысы туралы есеп

Өнеркәсіп, құрылыс, көлік, байланыс, кәсіпкерлік,

заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері

жөніндегі тұрақты комиссияның жұмысы

туралы есеп

 

 

         «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Аудандық мәслихаттың өнеркәсіп, құрылыс, көлік, байланыс, кәсіпкерлік, заңдылық пен құқықтық тәртіпті дамыту мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының жұмысы туралы» аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының есебі бекітілсін.
  2. Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясына ұсынылсын:

1) мемлекеттік органдар басшыларының есептерін қарау практикасын жалғастыру;

2) комиссияның көшпелі отырыстарының жұмысын жандандыру;

3) аудандық мәслихатының сессиялар мен тұрақты комиссиялардың отырыстарына енгізілетін мәселелерді дайындауға және талқылауға белсенді қатысу;

4) халықты комиссияның жұмысы туралы, өзінің депутаттық қызметі туралы бұқаралық ақпарат құралдары, интернет ресурстар арқылы үнемі хабарландыру.

  1. Осы шешім қабылданған күнінен бастап өз күшіне енеді.

 

 

Аудандық мәслихат төрағасы                                      С. Урашева

 

Дата публикации
08 сентября 2026