Об отчете акима Бородулихинского района о выполнении возложенных функций и задач

C

Бородулиха ауданы әкімінің жүктелген

функциялар мен міндеттердің

орындалуы туралы есебі

 

 

         «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы № 19 «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Бородулиха ауданы әкімінің міндетін атқарушының әкімге жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі бекітілсін.
  2. Бородулиха ауданы әкімінің міндетін атқарушыға (Т.Б. Мұратов) ұсынылсын:

1) бағдарламалардың уақтылы орындалуын және нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша жұмысты күшейту;

2) инженерлік және көліктік инфрақұрылымды дамыту, елді мекендерді абаттандыру, жолдарды жөндеу және халықты сапалы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастыру;

3) бюджет қаражатын тиімді игеруді қамтамасыз етуге, мемлекеттік бағдарламалар мен инвестициялық жобалардың іске асырылуын бақылауды күшейту.

  1. Осы шешім қабылданған күнінен бастап өз күшіне енеді.

 

 

Аудандық мәслихат төрағасы                                      С. Урашева

 

Дата публикации
08 сентября 2026