«Абай облысы Бородулиха ауданының мәслихат аппараты» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша аналитикалық анықтама
Бородулиха ауылы 2026 жылғы 1 шілде
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісі «Абай облысы Бородулиха ауданының мәслихат аппараты» ММ (бұдан әрі – Аппарат) қызметі болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Бородулиха аудандық мәслихат хатшысының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 01-02/55 өкімімен құрылған жұмыс тобы комиссия құрамы, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жүргізді.
Ішкі талдау Аппаратының 2026 жылғы 1 қантар 30 маусымға дейінгі жұмыс кезеңін қамтиды.
Жұмыс тобының жетекшісі – Гүлжан Тюлегенқызы Ибраева, Аппарат басшысы;
Жұмыс тобының мүшесі – Елена Викторовна Щербакова, Аппаратының ұйымдастыру-кадрлық және құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы;
Жұмыс тобының мүшесі – Жанар Қабдылханқызы Жақсылықова, Аппаратының ұйымдастыру-кадрлық және құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы.
Талдау мақсаты – Аппаратта сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету және жою.
Сараптаманың міндеті – Аппаратта сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау, олардың зардаптарын жою.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
1) Аппарат қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) Аппараттың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Ауданының мәслихат штат бойынша мемлекеттік қызметшілердің жалпы саны – 6 адам, оның ішінде: 1 - аудандық маслихат төрағасы және 5- мемлекеттік қызметкерлер, факт бойынша 1- аудандық маслихат төрағасы, 3 - мемлекеттік қызметкерлер, 1 - 2025 жылғы 16 қазаннан бастап 2026 жылғы 4 шілдеге дейін 3 жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыста, 2-бос жұмыс орны.
Штат бойынша штаттан тыс жұмысшылар 6, олардың бірі 0,25 ставкада, іс жүзінде - 5 штаттан тыс жұмысшы. Қоғамдық кеңестің хатшысы 2026 жылғы 12 мамырда жұмысқа қабылданды. Басшының хатшысы 2026 жылғы 26 қаңтардан бастап мұрағатшы лауазымына 0,5 ставкаға қосымша қабылданды. Жүргізуші 2026 жылдың 1 сәуірінде жұмысқа қабылданды.
Шарт бойынша бір қызметкер – аппараттың статистигі, мемлекеттік қызметші-бухгалтердің бос орнында.
2026 жылдың 1 тоқсанында кадрлардың ауысуы:
- жұмыстан босатылған мемлекеттік қызметшілер жоқ.
1 мемлекеттік қызметші 3 жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша демалыста болады.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурстардың қорытындысы бойынша кандидаттар жоқ.
- жұмыстан босатылған штаттан тыс жұмысшылар-1, жүргізуші 2026 жылғы 12 ақпанда жұмыстан шығарылды.
Персоналды басқару қағидаларын талдау барысында, оның ішінде кадрлардың ауысуы мәселелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері.
1) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау:
2026 жылдың 1 жартыжылдығында аппаратқа 5 өтініш келіп түсті және қаралды, оның ішінде заңды тұлғалардан –2, жеке тұлғалардан – 3.
2025 жылдың осы кезеңінде 2 өтініш келіп түсті және қаралды, оның ішінде жеке тұлғалардан – 1, заңды тұлғалардан – 1.
Ұсыныс: Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын және Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын қатаң сақтау.
Персоналды басқару қағидаларын талдау барысында, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Мүдделер қақтығысын реттеу.
2026 жылда лауазымын төмендету, сөгіс, қатаң сөгіс, қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту, лауазымынан босату түріндегі жазалар болған жоқ.
Аппараттың барлық қызметкерлері мәслихат төрағасының 2023 жылғы 17 сәуірдегі № 01-02/09 өкімімен бекітілген Біліктілік талаптарына сәйкес келеді.
Қызметкерлердің біліктілігін арттыру мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру жоспары-кестесіне сәйкес жүзеге асырылады. 2026 жылдың 1 жартыжылдығында аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру-кадрлық және құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Щербакова Елена Викторовна 2026 жылдың 30 наурызынан 3 сәуіріне дейін біліктілікті арттыру курсынан өтті, 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 01-02/62 өкім. Аппараттың мемлекеттік қызметшілері қайта даярлау курстарынан өткен жоқ.
2026 жылдың 1 жартыжылдығында еңбек тәртібін бұзу фактілері болған жоқ. Мемлекеттік қызметтегі шектеулердің сақталуына байланысты бұзушылықтар, қызметкерлердің қызметін бағалау рәсімдеріне шағымдану, жаза қолдану фактілері және 2026 жылдың 1 жартыжылдығындағы басқа да фактілер тіркелген жоқ.
2026 жылдың 1 жартыжылдығында мемлекеттік қызметшілер арасында жақын туыстарының, жұбайлары мен жекжаттарының бірлескен қызметі (жұмысы) фактілері болған жоқ.
2026 жылдың 1 жартыжылдығында штаттан тыс қызметкерлер арасында жақын туыстарының, жұбайлары мен жекжаттарының бірлескен қызметі (жұмысы) фактілері болған жоқ.
2026 жылдың 1 жартыжылдығында мүдделер қақтығысы болған жоқ.
Мемлекеттік сатып алулар.
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес аудандық мәслихат аппаратында 2026 жылдың 1 жартыжылдығында 21 сатып алу өткізілді, конкурс тәсілімен-2, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен - 2, шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден-12, өтпеген сатып алу бойынша бір көзден – 5, негіздемелік келісімді пайдалана отырып конкурстың екінші кезеңі-0, сондай-ақ бұзушылықсыз өткізілді.
Тәуекелдер анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету.
Аппарат мемлекеттік қызметті қамтамасыз етпейді.
Рұқсат етуші функцияларды орындау.
Аппарат руқсат етуші функцияларын орындамайды.
Бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру.
Аппарат бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асырмайды.
Бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқару қызметінен туындайтын басқа да мәселелер.
2026 жылғы 2-3 ақпан аралығында жиналысқа қатысу үшін С.Т. Урашеваның Семей қаласына іссапар, 2026 жылғы 2 ақпандағы № 01-03/05 өкім.
2026 жылғы 18-24 ақпан аралығында «Қалаларды трансформациялау және аумақтарды кешенді дамыту негіздері» республикалық оқыту бағдарламасына қатысу үшін Астана қаласына С.Т. Урашеваның іссапары, 2026 жылғы 17 ақпандағы № 01-03/07 өкім.
2026 жылғы 2-3 наурыз аралығында жиналысқа қатысу үшін С.Т. Урашеваның Семей қаласына іссапары, 2026 жылғы 2 наурыздағы № 01-03/08 өкім.
2026 жылғы 10 наурыздан 14 наурызға дейін мәслихат депутаттарының республикалық форумына қатысу үшін Астана қаласында С. Т. Урашеваның іссапары, 2026 жылғы 5 наурыздағы № 01-03/09 өкім.
2026 жылғы 30 наурыздан 3 сәуірге дейін Е.В. Щербакованың Семей қаласында «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК филиалында «Дағдарыстық коммуникацияның табысты стратегиялары: қиын жағдайларды басқару» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру семинарына іссапары, 2026 жылғы 26 наурыздағы № 01-03/10 өкім.
2026 жылғы 26-30 сәуір аралығындағы депутаттарды оқыту үшін С.Т. Урашеваның Семей қаласына іссапары, 2026 жылғы 23 сәуірдегі № 01-03/14 өкім.
2026 жылғы 29-30 мамыр аралығындағы С.Т. Урашеваның Семей қаласындағы «Senat Open» шахмат кубогының ІІІ ашық турниріне қатысуы үшін іссапары, 2026 жылғы 25 мамырдағы № 01-03/17 өкім.
2026 жылғы 29-30 мамыр аралығында Жұмақан Е.Қ. Семей қаласында қызметтік қажеттілікке байланысты іссапар, 2026 жылғы 25 мамырдағы № 01-03/18 өкім.
2026 жылғы 29-30 мамыр аралығында И.А. Бажаеваның Семей қаласында «Senat Open» шахмат кубогының ІІІ ашық турниріне қатысу үшін іссапар, 2026 жылғы 28 мамырдағы № 01-03/20 өкім.
2026 жылғы 4-8 маусым аралығында «Асыл бесік-Ақсуат» өнер және спорт фестиваліне қатысу үшін С.Т. Урашеваның Ақсуат ауылына іссапары, 2026 жылғы 2 маусымдағы № 01-03/21 өкім.
2026 жылғы 4-8 маусым аралығында Жұмақан Е.Қ. Ақсуат ауылында қызметтік қажеттілікке байланысты іссапар, 2026 жылғы 2 маусымдағы № 01-03/22 өкім.
2026 жылғы 30 маусым мен 4 шілде аралығында С.Т. Урашеваның Семей қаласына «Мемлекеттік басқарудағы жасанды интеллект: мәслихат депутаттарына арналған практикалық семинар» тақырыбы бойынша оқу үшін іссапары, 2026 жылғы 29 маусымдағы № 01-03/25 өкім.
2026 жылғы 30 маусымнан 4 шілдеге дейін Жұмақан Е.Қ. Семей қаласында қызметтік қажеттілік бойынша іссапар, 2026 жылғы 29 маусымдағы № 01-03/26 өкім.
Талдау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Аналитикалық анықтамамен танысты:
Ибраева Г.Т. - Аппарат басшысы __________
(қолы, күні)
Щербакова Е.В. - Аппараттың ұйымдастырушылық
-құқықтық жұмысы бөлімінің басшысы ___________ (қолы, күні)
Жаксылыкова Ж.Ж. Аппараттың ұйымдастырушылық
-құқықтық жұмысы бөлімінің бас маманы ___________ (қолы, күні)