Бородулиха аудандық мәслихатының  2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 14-21-VIІI  «Бородулиха ауданының аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы  

Бородулиха аудандық мәслихатының

2026 жылғы 25 мамырдағы № 50-3-VIII шешімі

 

 Бородулиха аудандық мәслихатының 

2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 14-21-VIІI 

«Бородулиха ауданының аудандық аумақтық

және учаскелік сайлау комиссияларының

мүшелерін сайлау туралы» шешіміне

өзгеріс енгізу туралы

 

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10, 19-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Бородулиха аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 14-21-VIII «Бородулиха ауданының аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне      мынадай өзгеріс енгізілсін:

жоғарыда аталған шешімнің № 1 «Бородулиха ауданының аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамы» қосымшасында комиссия мүшелігіне:

«Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» РҚБ Абай облыстық филиалынан Мусин Жас-Улан Амангельдинович сайлансын.

  1. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
  2. Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Аудандық мәслихат төрағасы                                     С. Урашева

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
26 мая 2026