Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
Аккаунты соц. сетей:
БАЙЖАНОВ ОРАЛГАЗЫ КУСМАНОВИЧ
құрметті азамат
Карьера

1972 жылы Новопокровка зооветеринарлық техникумын, зоотехния бөлімін, 1987 жылы Семей зоотехникалық-ветеринарлық институтын, зоотехния факультетін бітірген. Еңбек жолын 1972 жылы Семей облысы Новопокровка ауданы "Социалистик" совхозында зоотехник болып бастаған. 1977 жылдан 1987 жылға дейін "Тепличный", "Знаменский", "АмреКашаубаева" совхоздарында басқарушы болып жұмыс істеді. 1988 жылы А.Қашаубаев атындағы совхоздың партия комитетінің хатшысы болып сайланды. 1988 жылдың қазан айында Семей облысы Бесқарағай ауданы "Бесқарағай" совхозының директоры болып сайланды. 1994-1995 жылдары Бесқарағай аудандық мәслихатының хатшысы болып жұмыс істеді. 1996 жылдан 2008 жылдың қараша айына дейін "Байжанов и К"шаруа қожалығының басшысы болып жұмыс істеді. 2009 жылдың сәуір айынан бастап Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Новодворовка ауылдық округінің әкімі қызметіне тағайындалды. 2013 жылдың тамызында зейнеткерлікке шығуына байланысты қызметінен босатылды. 2013-2023 жылдары Бородулиха ауданы Ардагерлер кеңесінің төрағасы болып жұмыс істеді. Ауданның қоғамдық өміріне белсенді қатысады, тұрғындар арасында лайықты беделге ие.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы