
Еңбек жолын 1939 жылдың қазан айында Бородулиха аудандық комсомол комитетінде есеп секторының меңгерушісі болып бастады. 1941 жылдың қыркүйегінен бастап аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, 1944 жылы – Қазақстанның БЛКЖО ОК болып жұмыс істеді. Елизавета Ивановна қай жерде жұмыс істесе де, ол принциптілігімен, еңбекқорлығымен, ынта-жігерімен ерекшеленді. Адал еңбегі үшін бірнеше рет үкіметтік наградалармен марапатталған: Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, БЛКЖО ОК Құрмет грамотасымен, "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған.