
2023 жылдың 8 маусымынан 17 маусым аралығында Абай облысы Бородулиха ауданының үздік оқушылары «Айналайын» лагерінде демалды. Олар: «Әлихан Бөкейхан атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен Абетов Даулет- 5 сынып оқушысы, Әбділқан Ақниет- 6 сынып оқушысы, Сайлауов Ерасыл- 8 сынып оқушысы; «Николай Островский атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен - Бектембаев Адиль- 6 сынып оқушысы, Хасанова Елена- 8 сынып оқушысы, Қадырбаев Алимжан- 8 сынып оқушысы; «Коростели орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен - Запасной Станислав- 8 сынып оқушысы, Картавцев Владислав -5 сынып оқушысы; «Жезкент кентінің мектеп лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен - Тлешова Милана - 8 сынып оқушысы, Саятова Аружан - 7 сынып оқушысы; «Переменовка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен - Балтабаева Рамина- 5 сынып оқушысы ; «М. Әуезов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен - Куралова Айгерим - 6 сынып оқушысы ,Тлеухан Арина - 6 сынып оқушысы; «Новопокровка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен - Попов Богдан - 6 сынып оқушысы
Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында легерьдің күнделікті тәртібінде демалушы балалардың дене бітімін сақтау үшін динамикалық жаттығулар кешенінен тұратын таңертеңгілік гимнастика қарастырылған. Гиподинамияның алдын алудың сенімді құралы болып табылатын ашық ойындарды ұйымдастыруға ерекше назар аударылған. Ойын-сауықтың басым бөлігі жасөспірімдердің ашық ауада болуына бағытталған. «Айналайын» лагерінің жұмыс бағдарламасы барлық жағынан мазмұнды болды: күннің бірінші жартысы спорттық, зияткерлік, шығармашылық конкурстардан тұрды, күннің екінші бөлігі ойын-сауық, танымдық сипатта өткізілді. Ақуыздар, майлар, көмірсулар, сондай-ақ көкөністер мен жемістерден тұратын 4 реттік ұтымды, алуан түрлі тамақтану, балалардың өсіп келе жатқан ағзасына сергектік пен денсаулық әкелетіні сөзсіз. Демалушылардың арасында «Қызықты ағылшын тілі» , «Түрік тілін үйрену», «Тілшілер», «Би», «Вокал» «Қолданбалы өнер» үйірмелері ерекше танымал болды.
Түрлі спорттық жарыстарға қатысумен қатар, балалар оңтүстік астананың көрікті жерлерімен танысып, саяхат жасады. «Көк төбеге» көтеріліп, аквапаркте демалды, атақты Арбатта серуендеп, Метро қызметін пайдаланып, кинотеатрларға барды.
Абай облысы Бородулиха ауданының балаларына демалыс өте ұнады, өйткені дендерін сауықтырып, жаңа достар тауып «ЖАЗ 2023» демалысы туралы ойларында өшпес, жарқын әсер қалдырды.