
2023 жылдың 20 ақпанында Бородулиха ауданының «Әлихан Бөкейхан атындағы қазақ орта мектебі» КММ-де жас мамандар арасында «Жаңа мектепке жаңашыл ұстаз» республикалық конкурсының аудандық кезеңі өтті.
Нәтижесінде, «Әлихан Бөкейхан атындағы қазақ орта мектебі» КММ-нің физика мұғалімі Сағдатова Жансая Саметқызы І орынға, «Коростели орта мектебі» КММ-нің қазақ тілі және әдебиет мұғалімі Жакашева Инабат Амангельдыкызы ІІ орынға, «Жезкент кенті мектеп-лицейі» КММ-нің математика мұғалімі Есенжол Сымбат Бақытқызы ІІІ орынға ие болды.