⚡️Абай облысы, Бородулиха ауданы Әлихан Бөкейхан атындағы қазақ орта мектебінің 11-сынып оқушысы Сайлауов Ерасыл қаңтар айындағы ҰБТ -да 139 балл жинады.
💫 Ерасыл өз болашағын Халықаралық қатынастар бағытымен байланыстыруды армандайды.
👨🎓Ерасыл отбасындағы 3 баланың кенжесі. Ата-анасы педагогтар: әкесі Жумаканов Санат Сайлауович Бородулиха колледжінің директоры, анасы Жумаканова Бақыт Есимхановна Н.Островский атындағы мектепте кітапханашы.
👨💻 Сайлауов Ерасыл мектептің үздік оқушыларының бірі, Үздік аттестат үміткері.
✒️ 2024-2025 оқу жылында орыс тілі мен әдебиеті пәнінен облыстық олимпиада жүлдегері, республикалық кезеңнің қатысушысы. Ерасылдың ағылшын тілі пәніне қызығушылығын жоғары.
💬 Ерасыл сабақтан тыс уақытта кітап оқығанды, волейбол ойнағанды ұнатады.
🎯Алдына қойған мақсатына жету жолында талмай еңбек енетін, ізденімпаз оқушы. ҰБТ сынақтарынан 128, 135 балл жинады. Қанат талмасын, Ерасыл !