Бүгін, 12 - қазан күні аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында Бөкей ордасы аудандық мәслихатының кезектен тыс 42-ші сессиясы өтті. Сессия жұмысын аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева жүргізді. Сессияға аудан әкімінің орынбасары Мұхамбетжанов Азамат Ермекұлы, аудандық мәслихат депутаттары, тиісті сала басшылары және ауылдық округтер әкімдері (онлайн және офлайн) қатысты.
Сессияның күн тәртібіне төмендегіше мәселелер ұсынылды:
1.Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы №26-1 «Бөкей ордасы ауданы бойынша округтік сайлау комиссияларының жаңа құрамын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Хабарламашы: Айтқалиев Ержан Жексенұлы – Бөкей ордасы аудандық мәслихат аппратының басшысы;
2.Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №12-11 «Бөкей ордасы ауданы бойынша аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамдарын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
Хабарламашы: Айтқалиев Ержан Жексенұлы – Бөкей ордасы аудандық мәслихат аппратының басшысы;
Күн тәртібіндегі мәселелерді қарап, аудандық мәслихат депутаттары ұсынылған мәселелердің шешімдерін бірауыздан бекітті.
Құрметті ұстаздар, ардақты білім саласының ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ұстаз – ұрпаққа білім мен тәрбие беріп қана қоймай, олардың бойына адамгершілік, отансүйгіштік, еңбекқорлық пен ізгілік қасиеттерін сіңіретін қастерлі мамандық иесі. Ұстаз еңбегі – елдің ертеңіне салынған ең маңызды инвестиция.
Сіздердің шәкірттеріңізге сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі қажырлы еңбектеріңіз, ізденістеріңіз бен кәсіби шеберліктеріңіз әрдайым зор құрметке лайық. Білімді, білікті, тәрбиелі ұрпақ қалыптастыру жолындағы еңбектеріңіз жемісті болсын!
Осы айтулы күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шығармашылық ізденіс пен кәсіби толағай табыс тілеймін. Еңбектеріңіздің жемісін көріп, шәкірттеріңіздің жетістігіне әрдайым қуанып жүріңіздер!
Мәртебелі мамандықтарыңыз абырой биігінен көріне берсін! Әр шаңыраққа береке, әр жүрекке қуаныш, әр ұстазға құрмет пен ізгілік серік болсын!
Ізгі ниетпен,
Аудандық мәслихат төрағасы
Лариса Қайырғалиева
Құрметті Бөкей ордасы ауданының ардагерлері!
Сіздерді 1 қазан – Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Қарияларымыз – елдің берекесі мен бірлігінің алтын діңгегі, кейінгі ұрпаққа өнеге болып, ақыл-кеңесін айтып, өмірлік тәжірибесімен бөлісіп келе жатқан қадірлі жандар. Сіздердің саналы ғұмырларыңыз бен адал еңбектеріңіз ауданымыздың өсіп-өркендеуіне зор үлес қосты.
Сіздер жүріп өткен өнегелі жол – кейінгі буын үшін баға жетпес қазына. Ұрпақ тәрбиесіне, қоғамдық өмірге белсене араласып, елдің ынтымағы мен татулығын нығайтуға қосып жүрген үлестеріңіз үшін алғысымды білдіремін.
Осы айтулы күні баршаңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін! Әрдайым ұрпақтарыңыздың қызығын көріп, ел-жұрттың құрметіне бөленіп, ақ баталарыңызды беріп жүре беріңіздер!
Халықаралық қарттар күні құтты болсын!
Ізгі ниетпен,
Бөкей ордасы аудандық мәслихатының төрағасы
Лариса Қайырғалиева
Бүгін, 28-қыркүйек күні аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында Бөкей ордасы аудандық мәслихатының кезектен тыс 41-ші сессиясы өтті. Сессия жұмысын аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева жүргізді. Сессияға аудан әкімі Нұрлыбек Даумов, аудан әкімінің орынбасары Азамат Мұхамбетжанов, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Қуаныш Елемесов, аудандық мәслихат депутаттары, тиісті сала басшылары және ауылдық округтер әкімдері (онлайн және офлайн) қатысты. Сессияның күн тәртібіне төмендегіше мәселелер ұсынылды:
Хабарламашы: Даумов Нұрлыбек Жасқайратұлы – Бөкей ордасы ауданының әкімі.
Хабарламашы: Айтқалиев Ержан Жексенұлы – Бөкей ордасы аудандық мәслихат аппратының басшысы;
Хабарламашы: Бисекенов Нұрфат Нұрболатұлы – аудан әкімі аппаратының бас инспекторы;
Хабарламашы: Бисекенов Нұрфат Нұрболатұлы – аудан әкімі аппаратының бас инспекторы;
Күн тәртібіндегі мәселелерді қарап, аудандық мәслихат депутаттары ұсынылған мәселелердің шешімдерін бірауыздан бекітті.
Бөкей ордасы ауданы бойынша округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамына қосымша сайлау туралы Бөкей ордасы аудандық мәслихатының хабарламасы
Бөкей ордасы аудандық мәслихаты Бөкей ордасы ауданындағы округтік және учаскелік сайлау комиссияларында бос орындар болуына байланысты «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 10-бабына сәйкес ұсыныстар қабылдау басталғанын хабарлайды:
|
№ |
Сайлау комиссиясының атауы |
Сайлау округінің және учаскесі-нің нөмірі |
Сайлау комиссиясының орналасқан жері |
Бос орындар саны |
|
Округтік сайлау комиссиясы |
||||
|
1 |
Солтүстік |
№3 |
Сайқын ауылы, Әзербаев көшесі, 10/1 |
1 |
|
2 |
Мұратсай |
№4 |
Мұратсай ауылы, Абай көшесі, 14. |
1 |
|
Учаскелік сайлау комиссиясы |
||||
|
1 |
Мәмбет |
№55 |
Мәмбет ауылы, 1У көшесі 10. |
1 |
|
2 |
Жәрмеңке |
№56 |
Жәрмеңке ауылы, 1У көшесі 4. |
1 |
|
3 |
Үштерек |
№62 |
Үштерек ауылы, 1У, көшесі 21. |
1 |
|
4 |
Сейітқали |
№63 |
Сейітқали ауылы, 1У көшесі 4. |
1 |
Саяси партиялардан сайлау комиссияларының құрамына үміткерлер туралы ұсыныстарын қабылдау мерзімі – 2026 жылдың 25 қыркүйегінен 12 қазанға дейін.
Белгіленген мерзімде саяси партиялардан ұсыныстар болмаған жағдайда өзге қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары қабылданады.
Бөкей ордасы ауданындағы округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарына үміткерлер туралы ұсыныстарды Бөкей ордасы аудандық мәслихаты мына мекенжайда: Сайқын ауылы, Т.Жароков көшесі №31, ІІ- қабатта сағат 9-00ден 18-00ге дейін қабылдайды.
Құжаттарды тіркеуге және қабылдауға жауапты – аудандық мәслихат аппаратының басшысы Ержан Жексенұлы Айтқалиев, байланыс телефоны 8(71140)21747.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын үміткерлер сайлау туралы Конституциялық Заңының талаптарына сәйкес болуға тиіс және Бөкей ордасы ауданы аумағында тұруға тиіс.
1) тиісті сайлау комиссиясының құрамына үміткерді ұсынғаны туралы саяси партия органы немесе басқа да қоғамдық бірлестіктердің, жарғысына сәйкес тиісінше өкілеттіктері бар олардың құрылымдық бөлімшелері мәжілісінің хаттамаларынан суырмаларды;
2) саяси партияның немесе басқа да қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің әділет органдарында тіркелгені туралы құжаттың көшірмесін;
3) аудандық мәслихатқа нақты сайлау комиссиясы көрсетіліп, оның жұмысына қатысуға келісімі туралы үміткердің аудандық мәслихат төрағасына нысан бойынша өтініші;
4) құжаттарды толтырарда анкеталық деректемелерде қателіктер жіберілмеуі мақсатында аудандық мәслихат ұсынылатын үміткердің өтінішіне жеке куәлігінің көшірмесін қоса жолдау сұралады.
Бөкей ордасы аудандық мәслихаты
Бүгін 11 қыркүйек күні аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Кеңесті аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Қуаныш Елемесов жүргізді. Кеңес отырысына аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева, аудан әкімінің орынбасары Кенесары Нұршинов, аудандық қоғамдық кеңес мүшелері және ауылдық округтер әкімдері мен тиісті сала басшылары (онлайн және офлайн режимінде) қатынасты. Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
Хабарламашы: Камешов Сабыржан Шораұлы – аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары;
Хабарламашылар: Меңдешев Армат Ермекұлы – Бисен а/о әкімі;
Қадыров Бисен Нұрбекұлы – Мұратсай а/о әкімі.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша – кеңес мүшелерінің ұсыныс-пікірлері ескеріле отырып, тиісті мекеме басшылары мен ауылдық округтер әкімдеріне хаттамалық ұсыныстар берілді.
Бүгін, 8 қыркүйек күні аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында Бөкей ордасы аудандық мәслихатының әлеуметтік саясат, денсаулық сақтау, білім беру, отбасы, балалар мен аналар, экология жөніндегі тұрақты комиссиясының кезекті отырысы өтті. Комиссия отырысын аудандық мәслихат депутаты, комиссия төрағасы Асылбек Нұралиев жүргізді. Аталмыш жиынға аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева, аудан әкімі аппаратының басшысы Асқар Ажғалиев, аудандық мәслихат депутаттары, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Қуаныш Елемесов және тиісті сала басшылары, ауылдық округтер әкімдері (офлайн, онлайн) қатысты. Күн тәртібінде төмендегіше мәселелер қаралды:
Хабарламашы:Омарова Нұргүл Жігерқызы – аудандық білім беру бөлімінің басшысы;
Хабарламашы: Дүйсенова Данагүл Берікқызы – аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы.
Тұрақты комиссия отырысында қаралған мәселелер бойынша аудандық мәслихат депутаттарының ұсыныс-пікірлерін ескере отырып, тиісті сала басшыларына хаттамалық ұсыныстар берілді.
Бүгін аудан әкімі Нұрлыбек Даумов аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиеваны қабылдап, зейнеткерлік жасымен құттықтады. Қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, депутаттар, қоғамдық ұйым төрағалары, сыныптастары мен әріптестері қатысты.
Аудан әкімі Нұрлыбек Жасқайратұлы - Сіз еңбек жолыңызды ұстаздықтан бастап, ел игілігі жолында аянбай еңбек етіп, жауапты қызметтердің талай белесінен өттіңіз. Бірнеше бөлімді басқарып, аудан әкімінің әлеуметтік сала жөніндегі орынбасары қызметін атқарып, кейін аудандық мәслихаттың төрағасы ретінде жергілікті атқарушы және өкілді органдардың өзара тиімді жұмыс істеуіне, ауданның әлеуметтік дамуына өз үлесіңізді қостыңыз.
Ұзақ жылдар бойы атқарған қызметіңізде кәсіби біліміңізді, ұйымдастырушылық қабілетіңізді, мол тәжірибеңізді ел мүддесіне арнадыңыз. Сізге жүктелген әрбір міндетке жауапкершілікпен қарап, халықтың мұң-мұқтажын ескеріп, елдің алғысына бөлендіңіз.
Сіздің қажырлы еңбегіңіз бен азаматтық ұстанымыңыз, іскерлігіңіз бен адамгершілік қасиеттеріңіз кейінгі буынға әрдайым үлгі болып қала береді- деген ыстық лебізін білдіріп, құрмет көрсетті.
Жақсы тілекке шараға қатысушы үзеңгілес болған әріптестері мен шәкірттері іспеттес жас буын да қосылып, ықыласын білдірді.
Өз кезегінде Лариса Тельманқызы зейнеткерлік жасына орай қабылдау өткізген аудан басшылығына мен барша қатысушыларға алғысын жеткізіп, рақметін айтты.
Бөкей ордасы аудандық мәслихаты аппаратының бас маманы лауазымында 17 жыл абыройлы қызмет атқарған Хамзин Нұрлыбек Жексенбайұлы зейнеткерлікке шықты.
Аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева Нұрлыбек Жексенбайұлына ақ жарқын ниетпен тілегін айтып, естелікке шағын сыйлық табыстады.
Нұрлыбек Хамзиннің еңбек жолында өз ісіне деген адалдығымен, жоғары жауапкершілігімен және адамгершілік қасиеттерімен әріптестерінің құрметіне бөленіп, аудандық мәслихат аппаратының қызметін сапалы ұйымдастыруға, мемлекеттік қызметтің мәртебесін арттыруға қосқан үлесі ерекше.
Нұрлыбек Жексенбайұлы! Сізге көп жылғы адал еңбегіңіз үшін шынайы ризашылығымызды білдіреміз. Зейнеткерлік кезеңіңіз жаңа мүмкіндіктерге, қуанышты сәттерге, отбасыңызбен бірге өткізетін бақытты күндерге толы болсын!
Бүгін Орал қаласында Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті 26-сессиясы өтті.
Сессияның күн тәртібінде 2025 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы, облыс әкімінің есебі, 2026–2028 жылдарға арналған облыстық бюджетке өзгерістер енгізу, құрылыс нысандарының тізбесі, елді мекендерді абаттандыру, «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.
Сессияның жұмысынан кейін еліміздің заң шығарушы және өкілді билік органдарының қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарды «Қазақстан Республикасы Парламентіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапаттау рәсімі өтті.
Мерекелік медальмен Парламент депутаттары, әр жылдардағы облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, мәслихат төрағалары мен аппарат қызметкерлері марапатталды.
Біздің ауданнан Бөкей ордасы аудандық мәслихат төрағасы Лариса Тельманқызы Қайырғалиева да марапат иесі болды.
Бұл марапат – ел игілігі жолындағы көп жылғы еңбектің, халықтың мұң-мұқтажын жеткізіп, азаматтардың мүддесін қорғаудағы табанды қызметтің лайықты бағасы.
Марапатыңыз құтты болсын – Лариса Тельманқызы!