Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2026 жылғы 5 наурыздағы №36-3 шешімі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

БӨКЕЙ ОРДАСЫ АУДАНДЫҚ

МӘСЛИХАТЫ

 

       РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН

ЗАПАДНО-КАЗАХСТАНСКАЯ ОБЛАСТЬ 

БОКЕЙОРДИНСКИЙ РАЙОННЫЙ МАСЛИХАТ

                   ШЕШІМ      

 

                        РЕШЕНИЕ

 

2026  жыл 5 наурыздағы                                                                                               № 36-3

 

         Сайқын ауылы                                                                                                    село Сайхин                                                                                                              

 

Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің  2026  жылғы 14 қаңтардағы №4 «Бөкей ордасы ауданы бойынша жер учаскелерін меншікке немесе жер пайдалануға беруге арналған ұсыныстарды қарау және шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу жөніндегі аудандық комиссия құру туралы» қаулысын бекіту туралы

 

       «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес,                    Бөкей ордасы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 14 қаңтардағы № 4 «Бөкей ордасы ауданы бойынша жер учаскелерін меншікке немесе жер пайдалануға беруге арналған ұсыныстарды қарау және шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу жөніндегі аудандық комиссия құру туралы» қаулысымен құрылған комиссия құрамы және ережесі қосымшаларға сай бекітілсін.
  2. Осы шешім қол қойған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Мәслихат төрағасы                                      Л.Қайырғалиева

 

 

БӨКЕЙ ОРДАСЫ АУДАНЫНЫҢ

ӘКIМДІГІ

 

 

 

 


ҚАУЛЫ

 

2026 жыл 14 қаңтар №4

Сайқын ауылы

 

 

 

АКИМАТ

БОКЕЙОРДИНСКОГО РАЙОНА

 

 

 

 

ПОСТАНОВЛЕНИЕ

 

 

   село Сайхин

 

 

 

Бөкей ордасы ауданы бойынша жер учаскелерін меншікке немесе жер пайдалануға беруге арналған ұсыныстарды қарау және шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу жөніндегі аудандық комиссия құру туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы №442 Жер кодексін және  Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №518 «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндгі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығын басшылыққа ала отырып, аудан                                         әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Бөкей ордасы ауданы бойынша жер учаскелерін меншікке немесе жер пайдалануға беруге арналған ұсыныстарды қарау және ауыл шаруашылық мақсаттағы жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі аудандық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) 1 қосымшаға сәйкес құрылсын.
  2. Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес, Бөкей ордасы ауданы бойынша жер учаскелерін меншікке немесе жер пайдалануға беруге арналған ұсыныстарды қарау және ауыл шаруашылық мақсаттағы жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі аудандық комиссиясының ережесі бекітілсін.
  3. Комиссияның жұмыс органы болып «Бөкей ордасы ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі белгіленсін.
  4. Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 29 қаңтардағы №9 «Бөкей ордасы ауданы бойынша жер учаскелерін меншікке немесе жер пайдалануға беруге арналған ұсыныстарды қарау және ауыл шаруашылық мақсаттағы жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі аудандық комиссия құру туралы» қаулысы жойылсын.
  5. Осы қаулы комиссияның дербес құрамын бекіту үшін Бөкей ордасы аудандық мәслихаттың қарауына ұсынылсын.
  6. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

 

 

       Аудан әкімінің

  міндетін атқарушы                                                 К.Нуршинов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің

2026 жылғы 14 қаңтардағы №4

қаулысына

қосымша

 

 

 

Бөкей ордасы ауданы бойынша жер учаскелерін меншікке немесе жер пайдалануға беруге арналған ұсыныстарды қарау және шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндгі конкурсты өткізу жөніндегі аудандық комиссия құрамы

 

№

Аты жөні

Лауазымы

Ескертпе

1

Нуршинов Кенесары Бекболатұлы

аудан  әкімінің  орынбасары

комиссия төрағасы

2

Карин Руслан Ғабділманұлы

аудандық  жер  қатынастары  бөлімінің  басшысы

комиссия төрағасының  орынбасары

3

Қайыров Абзал Нұрланұлы

аудандық  жер  қатынастары  бөлімінің бас маманы

комиссия хатшысы

Комиссия мүшелері

4

Егінғалиев Айымбек Нұрлыбекұлы

аудандық сәулет, қала құрлысы және құрылыс бөлімінің  басшысы

 

5

Хайруллин Сүйінбек Жексенбайұлы

аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы

 

6

Бисекенов Нурфат Нурболатұлы

аудан әкімі аппаратының бас инспекторы

 

7

Джумагулова Бибигуль Мұқасқызы

Бөкей ордасы аудандық кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры

келісім бойынша

8

Ташуов Жалғас Есқайырұлы

«Amanat» партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалының атқарушы хатшысы, аудандық мәслихат депутаты

келісім бойынша

9

Арыстанбеков Тілеген Керейұлы

Аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы

келісім бойынша

10

Дюсемалиев Абай Жанұзақұлы

«Жанұзақ» шаруа қожалығының жетекшісі

келісім бойынша

11

Жакина Ұлпан Әнуарқызы

«Орда жұлдызы» қоғамдық-саяси газетінің редакторы

келісім бойынша

12

Құресов Алтынбек Қадырболатұлы

«Қадырболат» жеке кәсіпкерінің жетекшісі

келісім бойынша

Жер учаскелері Жер кодексінің 43-1-бабына сәйкес берілген жағдайда

13

Абдуллин Шыңғыс Тұрабекұлы

Сайқын ауылдық округінің әкімі

қажеттілігіне қарай

14

Куанышалиев Сарсенбай Құрманғазыұлы

Сайқын ауылдық округі, жергілікті қоғамдастық жиналысының өкілі

қажеттілігіне қарай

15

Қадыров Бисен Нұрлыбекұлы

Мұратсай ауылдық округінің әкімі

қажеттілігіне қарай

16

Есекешов Қасым Алтайұлы

Мұратсай ауылдық округі, жергілікті қоғамдастық жиналысының өкілі

қажеттілігіне қарай

17

Махимов Ғайса Темірболатұлы

Орда ауылдық округінің әкімі

қажеттілігіне қарай

18

Саматов Талгат Ибрайымұлы

Орда ауылдық округі, жергілікті қоғамдастық жиналысының өкілі

қажеттілігіне қарай

19

Құрмашев Кенжебек Асқарұлы

Бисен ауылдық округінің әкімі

қажеттілігіне қарай

20

Ижанов Бисен Саматұлы

Бисен ауылдық округі, жергілікті қоғамдастық жиналысының өкілі

қажеттілігіне қарай

21

Рашқалиев Қуантай Елтайұлы

Темір Масин ауылдық округінің әкімі

қажеттілігіне қарай

22

Габдуллин Исатай Есетұлы

Темір Масин ауылдық округі, жергілікті қоғамдастық жиналысының өкілі

қажеттілігіне қарай

23

Кереш   Нарынбек Сегізбайұлы

Саралжын ауылдық округінің әкімі

қажеттілігіне қарай

24

Байгуатов Оралхан Мауленұлы

Саралжын ауылдық округі, жергілікті қоғамдастық жиналысының өкілі

қажеттілігіне қарай

25

Ермекқалиев Ерлан Нұрболатұлы

Ұялы ауылдық округінің әкімі

қажеттілігіне қарай

26

Садықов Серік Маратұлы

Ұялы  ауылдық округі, жергілікті қоғамдастық жиналысының өкілі

қажеттілігіне қарай

 

 

Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің

2026 жылғы 14 қаңтардағы №4

қаулысымен бекітілген

 

 

 

Бөкей ордасы ауданы бойынша жер учаскелерін меншікке немесе жер пайдалануға беруге арналған ұсыныстарды қарау және шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндгі конкурсты өткізу жөніндегі аудандық комиссиясы туралы ереже

 

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы Бөкей ордасы ауданы бойынша жер учаскелерін меншікке немесе жер пайдалануға беруге арналған ұсыныстарды қарау және шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндгі конкурсты өткізу жөніндегі аудандық комиссиясы туралы ереже (бұдан әрі –Ереже) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы №442 Жер кодексін және  Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №518 «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндгі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығын сәйкес әзірленді.
  2. Жер комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) Бөкей ордасы ауданы аумағында құзыреті шегінде тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады. Комиссия өзінің жұмысын ашықтық, жариялылық, алқалылық және әділдік қағидаттарында ұйымдастырады.
  3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жер қатынастарын реттейтін нормативтік құқықтық актілерін  басшылыққа алады.

 

2-тарау. Комиссияның функциялары мен құқықтары

  1. Комиссияның функциялары жер учаскелеріне құқықтар беру туралы (шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурс жеңімпазын айқындау туралы), жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы және су қорының жерін басқа санаттардағы жерге ауыстыру туралы өтініштерді (өтінімдерді) қарау және қорытындылар дайындау болып табылады.
  2. Комиссия өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан жер учаскесінің бары немесе жоғы туралы, жер учаскесіне ауыртпалық туралы, заңды тұлғалардың жарғылық капиталында шетелдіктердің үлесі бары немесе жоғы туралы, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің пайдаланылу режимі туралы мәліметтерді сұратуға және алуға құқылы.

 

3-тарау. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

  1. Комиссия өз қызметін тұрақты негізде жүзеге асырады.
  2. Комиссия құрамы Кодекстің 43-бабына сәйкес айқындалады.
  3. Комиссия төрағасы Бөкей ордасы ауданы әкімінің жер мәселеріне жетекшілік ететін орынбасары болып табылады.
  4. Төраға Комиссияның жұмысын ұйымдастырады және осы Ережеде Комиссияға жүктелген міндеттер мен функциялардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.
  5. Комиссия төрағасы:

1) отырысты шақырады;

2) Комиссияның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

3) Комиссияның жұмысын жоспарлайды;

4) Комиссия отырыстарына төрағалық етеді.

  1. Комиссия мүшелері:

1) ұсынылған материалдармен танысады;

2) Комиссия отырысында қаралуы тиіс мәселелерді қарайды және тиісті шешім шығаруға қатысады;

3) отырыстарға қатысу жөніндегі өз өкілеттігін басқа адамға бермейді.

  1. Комиссия хатшысы:

1) Комиссия отырысының күн тәртібін жасайды;

2) Комиссия мүшелеріне Комисия отырысының өтетін күні мен орны туралы хабарлайды;

3) отырысты өткізуге қажетті материалдарды дайындауды жүзеге асырады, комиссия отырысының хаттамасын және комиссия отырысының қорытындысын ресімдейді;

4) Комиссия мүшесі болып табылмайды.

  1. Бөкей ордасы ауданының жер қатынастары саласындағы тиісті уәкілетті органы Комиссияның жұмыс органы (бұдан әрі – Жұмыс органы) болып табылады.

Комиссия хатшысының міндеттері Жұмыс органының маманына жүктеледі.

  1. Отырыстың күн тәртібін, сондай-ақ өткізілетін күнін, уақыты мен орнын Комиссия төрағасы айқындайды.
  2. Комиссия отырысы айына кем дегенде бір рет өткізіледі, қажет болғанда отырыс айдың кез келген күнінде өткізілу мүмкін.
  3. Комиссияның кезекті отырысының күн тәртібін қалыптастыруды, Комиссия мүшелерін шақыруды, Комиссия қорытындыларының жобаларын және басқа да қажетті іс-шараларды Жұмыс орган қамтамасыз етеді.
  4. Комиссия отырысы, егер оған оның құрамының жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі. Бұл ретте қоғамдық кеңестер, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдар және өзге де салалық мемлекеттік емес ұйымдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдерінің қатысу саны қатысып отырған жер комиссиясы мүшелерінің жалпы санының кемінде елу пайызын құруы тиіс. Жер комиссиясының мүшелері оның отырыстарына ауысу құқығынсыз қатысады. Комиссия отырысына конкурсқа шығарылған жер телімі орналасқан ауылдық округі әкімі және жергілікті қоғамдастық өкілін қоспағанда. Басқа ауылдық округ әкімдері, жергілікті қоғамдастық өкілдері қатыспайды.
  5. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыс беру нәтижелері отырысқа қатысушы жер комиссиясы мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен айқындалады және егер жер комиссиясы мүшелерінің көпшілігі дауыс берсе шешім қабылданды деп саналады.
  6. Комиссия отырысы міндетті түрде аудио, бейнежазба құралдарының көмегімен жазылады. Жер комиссиясының отырысын аудио, бейнежазба құралдарының көмегімен жазуды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.
  7. Комиссияның қорытындысы бес жұмыс күні ішінде Жұмыс органы сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы ұсыныстарды Комиссияға берген уақыттан бастап хаттамалық шешім нысанында үш данада жасалады.
  8. Комиссияның оң қорытындысының бір данасы бес жұмыс күні ішінде оның жерге орналастыру жобасын дайындауы үшін өтініш берушіге беріледі.
  9. Кодекстің 43-1-бабына сәйкес берілетін жер учаскелерін қоспағанда, Комиссияның оң қорытындысының қолданылу мерзімі қабылданған күнінен бастап бір жылды құрайды. Біржылдық мерзімді өткізіп алу жергілікті атқарушы органның жер учаскесiне құқық беруден бас тарту туралы шешiм қабылдауы үшін негіз болып табылады.

 

                             4-тарау. Қорытынды ережелер

  1. Жер комиссиясының хаттамалық шешіміне сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.

Сотқа арыз берілгенде Комиссияның хаттамалық шешімінің орындалуы тоқтатылады.

 

 

 

 

 

 

Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2026 жылғы 5 наурыздағы №36-3 шешімі
Дата публикации
13 апреля 2026