Решение Бокейординского районного маслихата №32-3 от 2 декабря 2025 года

Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 24 қарашадағы  №159 «Аудан әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңесін құру туралы» қаулысын бекіту туралы

 Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Бөкей ордасы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 24 қарашадағы №159 «Аудан әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңесін құру туралы» қаулысымен құрылған комиссия құрамы және ережесі қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
  2. Осы шешім қол қойған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Мәслихат  төрағасы

 

Л.Қайырғалиева

 

 

БӨКЕЙ ОРДАСЫ АУДАНЫНЫҢ

ӘКIМДІГІ

 

 

 

 


ҚАУЛЫ

 

2025 жыл 24 қараша  №159

Сайқын ауылы

 

 

 

АКИМАТ

БОКЕЙОРДИНСКОГО РАЙОНА

 

 

 

 

ПОСТАНОВЛЕНИЕ

 

   село Сайхин

 

 

 

 

 

 

 

Аудан әкімдігі жанындағы жастар ісі

жөніндегі кеңесін құру туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын және Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 17 сәуірдегі
№ 173 «Әкімдіктер жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестер туралы үлгілік ережені бекіту туралы» бұйрығын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Бөкей ордасы ауданы әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңесінің құрамы осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес құрылсын.
  2. Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес Бөкей ордасы ауданы әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңесінің ережесі бекітілсін.
  3. Осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің кейбір қаулылары жойылсын.
  4. «Бөкей ордасы ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын іс-шараларды жүзеге асырсын.
  5. Осы қаулы комиссияның дербес құрамын бекіту үшін Бөкей ордасы аудандық мәслихаттың қарауына ұсынылсын.
  6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К.Нұршиновке жүктелсін.

 

 

Аудан әкімі                                               Н.Даумов

 

 

 

 

 

Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің

2025 жылғы 24 қарашадағы №159

қаулысының 1 қосымшасы

 

 

Жастар ісі жөніндегі Кеңесінің құрамы

 

№

Аты-жөні

Лауазымы

1

Аудан әкімі

Кеңес төрағасы

2

Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы

Кеңес төрағасының орынбасары

3

Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының маманы

Кеңес хатшысы

4

Аудан әкімінің әлеуметтік сала және қоғамдық-саяси даму жөніндегі орынбасары

Кеңес мүшесі

5

Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы

Кеңес мүшесі

6

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және дене шынықтыру бөлімінің басшысы

Кеңес мүшесі

7

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

Кеңес мүшесі

8

Аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы

Кеңес мүшесі

9

Аудандық білім беру бөлімінің басшысы

Кеңес мүшесі

10

Аудандық орталық аурухана директоры

Кеңес мүшесі

11

«Нарын жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы

Кеңес мүшесі

12

«АМАНАТ» партиясы аудандық филиалының төрағасы

Кеңес мүшесі

13

Аудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы

Кеңес мүшесі

14

Аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры

Кеңес мүшесі

15

Мұхамед-Салық Бабажанов атындағы ЖОББМ директоры

Кеңес мүшесі

16

М.Маметова атындағы ЖОББМ директоры

Кеңес мүшесі

 

 

 

Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің

2025 жылғы 24 қарашадағы №159

қаулысының 2 қосымшасы

 

 

 

Бөкей ордасы ауданы әкімдігі жанындағы жастар

ісі жөніндегі кеңесінің ережесі

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Бөкей ордасы ауданы әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңесінің ереже (бұдан әрі – Үлгілік ереже) «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 13-2) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес әзірленді және әкімдіктер жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестердің (бұдан әрі – Кеңес) мәртебесі мен өкілеттіктерін айқындайды.
  2. Кеңес аудан әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші органдар болып табылады.
  3. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, сондай-ақ осы Үлгілік ережені басшылыққа алады.
  4. Кеңестер өз қызметін мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдар әзірлеу мақсатында жүзеге асырады.
  5. Кеңесті құруды және оның қызметін ұйымдастыруды Бөкей ордасы ауданы әкімдігі асырады.

 

2-тарау. Кеңестің міндеттері мен функциялары

 

  1. Кеңестің міндеттері:

      1) мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу;

      2) мемлекеттік жастар саясатының міндеттерін іске асырудың тиімділігін талдау;

      3) мемлекеттік жастар саясатының басым бағыттарын іске асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

      4) мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қатысты мәселелерді талқылау.

  1. Өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін Кеңес мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарайды және талқылайды;

      2) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі мәселелерді талқылауға мемлекеттік органдардың, жұртшылықтың, үкіметтік емес ұйымдардың, саяси партиялардың, масс-медианың өкілдерін тартады;

      3) мемлекеттік жастар саясаты саласында халықаралық ынтымақтастықты дамытуға ықпал көрсетеді;

      4) Жергілікті атқарушы органдар басшыларының мемлекеттік жастар саясатын іске асыру барысы туралы есептерін тыңдайды.

 

3-тарау. Кеңес жұмысының құрылымы мен ұйымдастырылуы

 

  1. Кеңес төрағадан, төрағаның орынбасарынан және оның жұмысына қоғамдық негізде қатысатын Кеңес мүшелерінен тұрады.
  2. Кеңес төрағасының орынбасары жастар ұйымының өкілі болып табылады, ол Кеңес мүшелерінің арасынан қатысып отырған Кеңес мүшелерінің жай көпшілік даусымен сайланады.
  3. Кеңестің төрағасы Бөкей ордасы ауданының әкімі болып табылады, ол:

      1) осы Ереже негізінде Кеңес туралы ережені бекітеді және кеңес мүшелерінің жалпы санының кемінде 30% - ы мөлшерінде кеңестегі жастар ұйымдарының өкілдігін қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып, оның құрамын қалыптастырады;

      2) отырыстардың күні мен уақытын белгілейді, кеңестің кезекті және кезектен тыс отырыстарын шақырады және оларға төрағалық етеді;

      3) Кеңес мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісінің бастамасы бойынша Кеңестің кезектен тыс отырыстарын шақырады және оларға төрағалық етеді;

      4) жұмысты жоспарлайды және кеңесті жалпы басқаруды жүзеге асырады;

      5) кеңестің мүшелері арасында жұмыстың міндеттері мен бағыттарын бөледі;

      6) жұмыс жоспарын және Кеңес отырыстарының күн тәртібін бекітеді.

  1. Хатшы Кеңес мүшесі болып табылмайды және дауыс беруге қатыспайды.

      Кеңес хатшысы:

      1) Кеңестің жұмыс жоспарларының жобаларын әзірлеуді қамтамасыз етеді;

      2) Кеңес отырыстарының күн тәртібінің жобаларын қалыптастырады;

      3) Кеңес отырыстарына материалдарды, сондай-ақ хаттамалық шешімдердің жобаларын дайындауды ұйымдастырады;

      4) Кеңес мүшелерін кеңестің кезекті отырыстарының өтетін орны, уақыты және күн тәртібі туралы хабардар етеді, оларды қажетті материалдармен уақтылы қамтамасыз етеді;

      5) Кеңес мүшелерінен отырыстардың күн тәртібіне қатысты ұсыныстар қабылдайды және оларды төрағаның қарауына шығарады;

      6) хаттамалық тапсырмалар шешімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады, әрбір келесі отырыста бұрын қабылданған шешімдердің орындалу барысы туралы кеңес мүшелерін хабардар етеді.

  1. Кеңес құрамы:

      1) Жергілікті атқарушы және өкілді органдардың, жастар ұйымдарының өкілдері кеңес мүшелері болып табылады;

      2) Кеңес мүшелері тақ санынан тұрады.

  1. Кеңестің жұмыс органы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдіктері жанындағы жастар саясаты мәселелері жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.

      Жұмыс органы:

      1) кеңес жұмысын жалпы ұйымдастыруды жүзеге асырады;

      2) кеңес қызметін ақпараттық-талдамалық және құжаттамалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;

      3) кеңестің өткізілген отырыстарын, қаралған мәселелерді, мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бойынша қабылданған шешімдерді жинауды, өңдеуді, талдауды жүзеге асырады, осы саладағы жұмысты жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

      4) кеңестің құзыретіне кіретін мемлекеттік органдармен, лауазымды адамдармен және ұйымдармен хат алмасуды жүргізеді;

      5) кеңес жұмысының қызметін жариялау бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.

  1. Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай, сондай-ақ Кеңес мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісінің бастамасы бойынша, бірақ жартыжылдықта кемінде бір рет өткізіледі және оларға кеңес мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде өкілетті болып есептеледі.
  2. Кезекті және кезектен тыс отырыстардың өткізілетін күнін, уақытын, күн тәртібін Кеңес мүшелерінің ұсыныстарын ескере отырып, кеңес төрағасы айқындайды.
  3. Кезекті отырыстың күн тәртібі Кеңес мүшелеріне отырыс басталғанға дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірілмей жіберіледі.
  4. Кеңес отырысқа қатысып отырған Кеңес мүшелері санының жай көпшілік даусымен шешім қабылдайды. Дауыстар тең болған кезде төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
  5. Кеңестің шешімдері хаттамалармен ресімделеді, оларға кеңес төрағасы қол қояды.
  6. Кеңестің шешімдері ұсынымдық сипатта болады.

 

 

 

 

 

Решение Бокейординского районного маслихата №32-3 от 2 декабря 2025 года
Дата публикации
05 декабря 2025