Решение Бокейординского районного маслихата №32-2 от 2 декабря 2025 года

Бөкей ордасы ауданы әкімдігі және полиция бөлімінің міндеттері мен қызметін бағалау критерийлерін бекіту туралы

 Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес және Бөкей ордасы ауданы әкімі аппараты басшысының  2025 жылғы 26 қарашадағы шығыс 03-33/658  ұсынысы негізінде Бөкей ордасы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қоса беріліп отырған қоғамдық тәртіпті сақтау саласындағы нысаналы индикаторларға қол жеткізу мақсатындағы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің және аудандық полиция бөлімінің міндеттері мен қызметтерін бағалаудың 2028 жылға дейінгі критерийлері бекітілсін.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бөкей ордасы аудандық мәслихатының «Ауданның экономикалық дамуы, ауылды дамыту, бюджетті орынды пайдалану, құқық қорғау, қоғамдық тәртіп сақтау жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.

 

Мәслихат  төрағасы

 

Л.Қайырғалиева

                «КЕЛІСЕМІН»                                                «КЕЛІСЕМІН»                                       «КЕЛІСЕМІН»

Бөкей ордасы ауданы прокуроры               Бөкей ордасы АПб бастығы                  Бөкей ордасы ауданының әкімі          

әділет кеңесшісі                                                полиция подполковнигі                                                               

_______________________Ж. Ермеков                 __________Б.Молдағалиев                             ____________Н.Даумов

        

Бөкей ордасы ауданы бойынша 2028 жылға дейінгі қоғамдық тәртіпті сақтау саласындағы нысаналы индикаторларға колжеткізу мақсатында Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің және аудандық полиция бөлімінің міндеттерін және қызметтерін бағалау критерийі туралы

№

Міндеттері

Бағалау критерийі

Қажетті іс-шаралар

(төмендегі көрсетілген іс-шараларды жоспарлау арқылы және жауапты қызметкерлер мен орындау мерзімін бекіте отырып орындау қажет)

1

Бұрын қылмыстық құқық бұзушылық жасаған тұлғалармен жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтарды төмендету

2025 жылғы барлық аяқталған қылмыстық құқық бұзушылықтардың санын азайту 15 % дейін,

2026 - 13% - (І  тоқсан-11%),

                        (ІІ тоқсан-9%),

                        (ІІІ тоқсан-7%),

                        (ІV тоқсан-5%).

2027 - 12% - (І  тоқсан-10%),

                        (ІІ тоқсан-8%),

                        (ІІІ тоқсан-6%),

                        (ІV тоқсан-4%).

2028 - 10% - (І  тоқсан-8%),

                        (ІІ тоқсан-6%),

                        (ІІІ тоқсан-5%),

                        (ІV тоқсан-3%).

2025 жылы – 37 қылмыс тіркелсе

2026 жылы – 32/33 қылмыстан аспау керек

2027 жылы – 29 қылмыс

2028 жылы – 26 қылмыс   

Бұрынғы сотты болғандарға бақылауды күшейту мақсатында ай сайын жедел алдын алу іс-шараларын жүргізу;

- бас бостандығынан айыру орындарынан келген тұлғаларды тіркеу;

ҚАЖД-нің аумақтық бөлімшелерімен ай сайын бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар бойынша салыстыру жүргізуді ұйымдастыру;

- басқа да қызметтен қызметкерлерді тарта отырып, қадағалаудағы, МБШТБ, формальді түрде қадағалаудағы тұлғаларды олардың тарапынан құқық бұзушылық деректерін анықтау мақсатында, тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеруді ұйымдастыру;

- қылмыстардың рецидивінің жолын кесу мақсатында әңгімелесу жүргізу;

- бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, белгілі бір тұрақты жері жоқ, әлеуметтік байланыстарын жоғалтқан тұлғалардың жұмысқа орналастыру және әлеуметтік оңалту бойынша жұмыстардың жалғастыру;

- жергілікті атқарушы органдары арқылы бұрын сотты болған азаматтарды жұмысқа орналастыру мәселелерін шешу(шаруа қожалықтарына, ЖШС фермалардағы жұмыс орындарын анықтау т.б);

- бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды жұмыспен қамту орталықтары арқылы жаңа кәсіптерге оқыту және кәсіби даярлықтарын ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдау.

2

Mac күйінде және есірткі затын қолдану арқылы жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтарды төмендету

2025 жылғы барлық аяқталған қылмыстық құқық бұзушылықтардың саның азайту 12 % дейін,

2026 - 11% - (І  тоқсан-10%),

                        (ІІ тоқсан-8%),

                        (ІІІ тоқсан-6%),

                        (ІV тоқсан-4%).

2027 - 11% - (І  тоқсан-10%),

                        (ІІ тоқсан-8%),

                        (ІІІ тоқсан-6%),

                        (ІV тоқсан-4%).

2028 - 10,8% - (І  тоқсан-9%),

                            (ІІ тоқсан-7%),

                            (ІІІ тоқсан-5%),

                            (ІV тоқсан-4%).

2025 – 7 қылмыс болған.

2026 – 6 қылмыстан аспау керек

2027 – 5

2028 – 4  

- Аудандық ауруханамен және облыстық наркологиялық диспансерімен әр тоқсан сайын салыстыру актісін жүргізу, нәтижелері бойынша «Маскүнем» «Нашақор» тізімдік есебіне тұлғаларды қою бойынша шаралар қабылдау;

- алкоголь және медициналық маңызы жоқ есірткі мен психотроптық заттарды тұтынатын тұлғаларды анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тарту;

- маскүнемдік және нашақорлықтан зардап шегетін тұлғаларды мәжбүрлеп емдеу орталықтарына орналастыру бойынша шаралар қабылдау;

- есірткіге қарсы күрес қызметтерін қалыптастыру бойынша жұмыстарды жандандыру және нашақорлық пен алкоголизмге қарсы қабылданып жатқан іс-шаралар туралы азаматтарды ақпараттандыруды күшейту;

- маскүнемдік пен нашақорлықтан зардап шеккен тұлғаларды әлеуметтік оңалту жұмыстарына діни конфессия өкілдерін тарту.

3

Отбасы - тұрмыстық жағдайындағы қылмыстық құқық бұзушылықтарын төмендету

2025 жылғы барлық аяқталған қылмыстық құқық бұзушылықтардың үлес салмағы 1,2 % артық емес,

2026 - 1%;

2027 - 0,8%;

2028 - 0,5%;

2024 – 3 қылмыс болған. Үлес салмағы 9,7

2025 -  2. Үлес салмағы 6,1

2026 жылы – 1 қылмыстан аспау қажет

2027 жылы – 1   

- «Тұрмыс» жедел алдын алу іс-шараларын әр тоқсан сайын жүргізу;

- аудан халқы арасында отбасы - тұрмыстық жағдайындағы құқық бұзушылықтарды анықтап, профилактикалық іс-шаралар жүргізе отырып, құқық бұзушыға қорғау нұсқамасын шығару;

- отбасы-тұрмыстық жағдайында құқық бұзушылық жасаған тұлғаның мінез-құлқына «Ерекше талап» белгілеу бойынша жұмысты жандандыру.

- әкімшілік учаскелерде отбасы - тұрмыстық жағдайына құқық бұзушылыққа жол берген тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарта отырып, әкімшілік құқық бұзушылық деректерін анықтау;

- ПО тіркелген «Сәтсіз жанұя» есебін төмендету бойынша іс-шаралар қабылдау.

4

Жол-патрульдік полиция бөлімшелерін қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке бағыттау

2025 жылы барлық тіркелген құқық бұзушылықтардың анықталған қоғамдық тәртіп аясындағы құқық бұзушылықтарға бағыттау 14% кем емес,

2026 жылға -13% -(І  тоқсан-11%),

                                   (ІІ тоқсан-9%),

                                   (ІІІ тоқсан-7%),

                                   (ІV тоқсан-5%).

2027 жылға-12,5%-(І  тоқсан-10%),

                                   (ІІ тоқсан-8%),

                                   (ІІІ тоқсан-6%),

                                   (ІV тоқсан-4%).

2028 жылға-12%-(І  тоқсан-10%),

                                 (ІІ тоқсан-8%),

                                 (ІІІ тоқсан-6%),

                                 (ІV тоқсан-4%).

 

«Нөлдік төзбеушілік» қағидаты бойынша құқық бұзушылықтар анықтау;

- қызмет атқару уақытына талдау жүргізіп, анықталған кемшіліктерді жалпы жиындарға жеке құрамға жеткізу және проблемді сұрақтарды шешу бойынша ұсынымдар енгізу.

- кешенді күштердің қызмет атқару барысында аумақтық учаскелік полиция инспекторларымен өзара әрекеттесіп қызмет атқаруын ұйымдастыру;

- тұрақты түрде аудандық ішкі істер бөлімімен бірлескен іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру;

- көліктегі патрульдік - бекеттік нарядтың тоқтау пункттерін анықтап беру және белгілі бір уақытта үй-үйді жаяу аралау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру;

- бейнебақылау камераларымен анықталған қылмыстар мен құқық бұзушылықтар бойынша дер кезінде тиісті шаралар қолдану үшін өзара жедел басқару орталығымен тығыз қарым-қатынаста болуды қамтамасыз ету;

- дер кезінде қылмыстарды ашу және құқық бұзушылықтарды анықтау үшін жеке қызмет ұйымдарымен, біріңғай радиобайланыс пен меморандум жасай отырып, өзара іс- қимыл орнатуды ұйымдастыру;

- қоғамдық тәртіпті сақтау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету сондай-ақ, құқық бұзушылық пен қылмыстарды ашу кезінде ерекше көзге түскен қызметкерлерді көтермелеу және қылмыспен күресуге одан әрі ынталандырып отыру;

- атқарылған іс-шаралар туралы БАҚ құралдарына, әлеуметтік желілеріне жариялап отыру.

5

Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық сипатындағы

қылмыстарды төмендету

(ҚР ҚК 99, 105, 106, 107, 120, 121, 125,

126, 128 баптары)

2025 жылғы әйелдерге қатысты аяқталған барлық қылмыстардың үлес салмағы 14% артық емес, 2026 жылға-13,5%-(І  тоқсан-11%),

                                   (ІІ тоқсан-9%),

                                   (ІІІ тоқсан-7%),

                                   (ІV тоқсан-5%).

2027 жылға-13%- -(І  тоқсан-11%),

                                   (ІІ тоқсан-9%),

                                   (ІІІ тоқсан-7%),

                                   (ІV тоқсан-5%).

2028 жылға-12,5%-(І  тоқсан-10%),

                                    (ІІ тоқсан-8%),

                                    (ІІІ тоқсан-6%),

                                    (ІV тоқсан-4%).

- Әйелдерге қатысты жасалған құқық бұзушылықтардың динамикасына талдау жасау және күнделікті есеп жүргізу; (түрі, тәсілі);

- Отбасы-тұрмыстық жағдайында құқық бұзуға бейім тұлғаларды анықтап, оларға қатысты шығарылған қорғау нұсқамаларын және ІІО-на есепке алынуын зерделеп, талдау жүргізу.

Атқарылған іс-шаралар туралы БАҚ құралдарына, әлеуметтік желілеріне және «Ашық әкімдік» интернет айдарына жариялап отыру;

-                    Көрсетілген баптар бойынша қылмыс орын алған жоқ. Бұл бағыттағы алдын алу және профилактика бойынша жұмыс жалғасады.  

6

Әйелдерге қатысты зорлық зомбылық сипатындағы қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау (жеке тергеумен)

2025 жылғы инспектордың хабарламасына сәйкес, әйелдерге қатысты аяқталған зорлық-зомбылық сипатындағы аяқталған қылмыстық құқық бұзушылықтардың үлес салмағы 40% кем емес,

2026 жылға-45%-(І тоқсан-42%),

                                 (ІІ тоқсан-40%),

                                 (ІІІ тоқсан-37%),

                                 (ІV тоқсан-35%).

2027 жылға -50%-(І  тоқсан-46%),

                                  (ІІ тоқсан-43%),

                                  (ІІІ тоқсан-40%),

                                  (ІV тоқсан-37%).

2028 жылға -55%-(І  тоқсан-53%),

                                  (ІІ тоқсан-50%),

                                  (ІІІ тоқсан-48%),

                                  (ІV тоқсан-45%).

Отбасылық-тұрмыстық қатынаста, соның ішінде әйел адамдарға қатысты – 2 қылмыс тіркелген. 

- Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу бойынша іс-шаралар қабылдау;

Әйелдерге қатысты қылмыстардың және құқық бұзушылақтардың алдын алу және жолын кесу бойынша мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылдар орнатуды ұйымдастыру;

- Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет желілерінде және информ агенттіктерінде ақпараттық насихаттық жұмыстарын жүргізу;

- Халық арасында, оқу орындарында, ұйымдарда және кәсіпорындарда түсіндіру жұмыстарын жүргізу, (дәрістер, әңгімелесулер, кездесулер, семинарлар, тренингтер, дөңгелек үстелдер және т.б);

- Ақпараттық-ағартушылық жұмыстар жүргізу, үлестірмелі материалдар дайындау, (буклеттер, баннерлер, билбордтар, бейнероликтер және т.б);

- Отбасы-тұрмыстық жағдайында орын алған зорлық- зомбылық фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша іс- шаралар қабылдау; («Зорлық-зомбылықсыз отбасы», «Жанұядағы бейбітшілік, «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» және т.б);

- Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу бойынша криминалды полиция тобы, тергеу тобы және өзге де қызметтермен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жүргізу (рейдтік іс шаралар);

Атқарылған іс-шаралар туралы БАҚ құралдарына, әлеуметтік желілерге және «Ашық әкімдік» интернет айдарына жариялап отыру.

7

Кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстарды төмендету

2025 жылы үлес салмағы 10 мың кәмелетке толмаған тұрғындарға 3 қылмыстан артық емес қылмыстық құқық бұзушылықтар

2026 жылға - 0%,

2027 жылға - 0%

2028 жылға - 0%

 

 

- жедел алдын алу іс-шараларын жүргізу;

- Күрделі мінез-құлықты, дәлелді себептерсіз сабаққа бармайтын, қылмыс жасауға бейім оқушыларды анықтай отырып, олармен профилактикалық сұхбат жүргізу, олармен сот отырысына, уақытша ұстау изоляторына барып, тәрбие сағаттарын өткізу, олардың тәрбиесін кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысында қарап, әлеуметтік қолдау шараларын жүргізу (жұмысқа орналастыру, балалар үйіне, кешкі мектеп және арнайы мектеп-интернаттарға орналастыру т.б.);

- Қараусыз қадағалаусыз қалған кәмелетке толмағандарды анықтау мақсатында тұрақты түрде көшелерде, аулаларда, саябақтарда және көңіл көтеру орындарында іс-шаралар жүргізу;

- Түнгі мезгілде заңды өкілінсіз тұрғын үйден тыс жерде жүретін кәмелетке толмағандарды анықтау мақсатында жұмыстар жүргізу;

- Өз кәмелетке толмаған балаларының тәрбиесіне немқұрайлы қарайтын отбасыларды анықтау, «Жайсыз отбасы» есебінде тұратын отбасыларды мекен-жайы бойынша аралап, олармен дұрыс тәрбие беру туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу;

- ІІО-ның қызметімен, күш-құралдарымен, міндетімен таныстыру мақсатында кәмелетке толмағандарға «Ашық есік» күнін өткізу;

- Білім беру ұйымдарында оқушылармен және олардың ата-аналарымен құқықтық тақырыптарда дәріс оқып, түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

Дәлелді себептерсіз сабаққа бармайтын кәмелетке толмағандарды анықтап, олардың ата-аналарын жауапкершілікке тарту жұмыстарын жүргізу;

- Білім беру органдарымен бірлесіп, оқу орындарында жүйелі түрде іс-шаралар өткізу;

- Атқарылған іс-шаралар туралы БАҚ, әлеуметтік желілерге жариялап отыру.

8

Атыс қаруын қолдана отырып жасалатын қылмыстық құқық бұзушылықтарды төмендету

2025 жылы аяқталған құқық бұзушылықтардың үлес салмағы 5% артық емес

2026 жылы - 0%

2027 жылы - 0%

2028 жылы - 0%

- Әкімшілік полиция бөлімімен бірлесіп «Қару» іс-шараларын ұйымдастыру;

- Лицензиялық рұқсат беру жүйесі қағидаларының сақталуын бақылап, құқық бұзушыларды анықтау;

- Қару және оқ-дәрілерді заңсыз сақтаған тұлғаларды анықтау;

- Жыл сайын өткізілетін бұрын тіркелмеген атыс қаруын өтемақысына сатып алу акциясын бұқаралық-ақпарат құралдары арқылы кеңінен жариялау.

9

Пәтер және автокөлік ұрлықтарын төмендету

2025 жылы аяқталған құқық бұзушылықтардың үлес салмағы 1,4% артық емес

2026 жылы - 1,3%

2027 жылы - 1,2%

2028 жылы - 1,1%

- Пәтерлерді аралап тұрғындармен кездесулер кезінде халық арасында ұрлыққа қарсы қауіпсіздік шаралары туралы үгіт- насихат жұмыстарын және түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

- Көп қабатты үйлердің аулаларын аралау тәжірибесін жол-патрульдік полиция қызметкерлеріне кеңінен пайдалану жұмыстарын ұйымдастыру;

- Көп қабатты үйлердің аулаларын жарықтандыру және бейнебақылау камераларын орналастыру жұмыстарын ұйымдастыру;

- Көшелерді бейнебақылау камераларымен жабдықтап, АПб-мен байланыстыру жұмыстарын ұйымдастыру;

- Жалға берілетін пәтерлер мен жалданушыларды есепке алып, оларға бақылау жасауды күшейту;

- Күнделікті қызмет көрсетілетін аумақтағы қылмыс деңгейіне «Қылмыс картасын» пайдалана отырып талдау жүргізу;

- Жыл сайын «Аумақ» профилактикалық іс-шарасын жүргізіп отыру.

10

Мал ұрлығын төмендету

2025 жылы орын алған мал ұрлығы қылмыстарының үлес салмағы 4% артық емес

2026 жылы - 2%

2027 жылы - 2%

2028 жылы - 1%

- Ауыл шаруашылығындағы жануарларды ұстап баптау ережесін әзірлеу, оның ішінде мемлекет кірісіне қарай қамауда ұстау қызметі және қайтару тәртібін қарау;

- Жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, ауыл тұрғындарымен шарттық келісім негізінде малды бағу жұмыстарын ұйымдастыру;

- Барлық қажетті мемлекеттік құрылымдарды қосып, прокуратура органдарының қатысуымен міндеттерін белгілей отырып, мобильді топтар құру;

- Прокуратура өкілдерімен бірлесіп, барлық жекеменшік форм объектілерінің бірінші басшыларымен, сондай-ақ қаржы- несие операцияларын жүзеге асырушыларымен, ауыл шаруашылық жануарларын уақытша ұстау объектілерін техникалық күзет құралдарымен, және жеке күзет құрылымдарымен қамтамасыз ету туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу;

- Мал тасымалдау ережелерін бұзу деректерін анықтауға бағытталған арнайы іс-шаралар жүргізу бойынша патрульдік полиция қызметінің жұмысын жандандыру;

- Тіркелмеген ауыл шаруашылық жануарларын сатпау жөнінде базар иелерімен меморандум жасау;

- Мал өнімдерін заңсыз қабылдау орындарын анықтап, жедел қызмет тобына ақпарат беру;

- Заңсыз мал тасымалдау деректеріне жол бермеу мақсатында атқарылған жұмыстарды БАҚ -та жариялап отыру.

11

Табиғи ресурстарды заңсыз пайдалануды анықтау және алдын алу (заңсыз аң аулау, балық аулау, ағаштарды кесу, жер қойнауын пайдалану және т.б.)

Табиғи ресурстар саласындағы барлық құқық бұзушылықтардан экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтарды жеке тергеумен анықтау кемінде 50%

- табиғатты қорғау органдарымен бірлесіп, ҚР табиғатты қорғау заңнамасын бұзу аясындағы құқық бұзушылық деректерінің алдын алу және кесу бойынша жедел- профилактикалық іс-шараларын жүргізу «Брокеньер»);

- ҚР табиғатты қорғау заңнамасын, яғни заңсыз аң аулау және балық аулау, заңсыз ағаштар мен бұталарды кесу фактілерін анықтау және өсімдіктер әлеміне келтірілген шығындарды өтей отырып, құқық бұзушыларды әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту жұмыстарын ұйымдастыру;

- Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды және жерқойнауын заңсыз пайдалану деректерін анықтау мақсатында, бірлескен рейдтік іс-шаралар жүргізіп, нәтижесі бойынша мемлекетке келтірілген шығынды өтеу және кінәлілерді жауапкершілікке тарту үшін жиналған құжаттарды экология Департаментіне жолдау;

- Атқарылған іс-шаралар туралы БАҚ, әлеуметтік желілерге жариялап отыру.

12

Адамдар қаза болатын ЖКО төмендету

2025 жылы барлық ЖКО үлес салмағы 0,1% артық емес,

2026 - 0,1 %

2027 - 0,05%

2028 - 0,05%

- Жол-патрульдік полиция қызметін, жол қозғалыс қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін әкімшілік құқық бұзушылық деректерін анықтауға бағыттау (жылдамдықты арттыру, көлік кұралын мас күйінде басқару, қарама қарсы бағытқа шығу, басқару кезінде ұялы телефондарды пайдалану, жаяу жүргіншілердің ЖҚЕ талаптарын бұзу және т.б.);

- Заңсыз жолаушы Тасымалдаушыларды анықтау;

- Мүдделі мемлекеттік органдармен «Қауіпсіз жол», «Автобус», «Мас жүргізуші», «Назар аударыңыз балалар» атты және т.б. мақсатты профилактикалық іс-шаралар жүргізу;

- Белгіленген қозғалыс жылдамдығын бұзатын құқық бұзушылық деректерін азайту мақсатында, ауданның қауіпті аймақтарына «Автоураган», «Сергек» стационарлық аппараттық бағдарламалық кешенін орнату бойынша жергілікті атқарушы органға ұсыныс беру.

13

Құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен шарттарды анықтап, оларды жақсарту бойынша іс шаралар қабылдау

Үлес салмағы жолданған ұсыныстардан орындалған ұсыныстардың кемінде 60% -ы

-Қылмыс және құқық бұзушылықтардың жасалуының себептеріне талдау жасай отырып, оларды жою туралы ұсынымдар жасау;

-Республика және облыс көлемінде жүргізілетін жедел профилактикалық іс-шаралар барысында барлық құқық қорғау органдарымен өзге де мемлекеттік органдардарды тарта отырып, қоғаммен серіктестікте жұмыстану.

14

Әкімшілік айыппұлдарды өндіру деңгейін жақсарту

2025 жылы барлық салынған айыппұлдардың үлес салмағы кемінде 65%

2026 жылы кемінде 70%-

                             (І  тоқсан-66%),

                                  (ІІ тоқсан-68%),

                                  (ІІІ тоқсан-69%),

                                  (ІV тоқсан-70%).

2027 жылы кемінде 71% -

                            (І  тоқсан-66%),

                                 (ІІ тоқсан-68%),

                                 (ІІІ тоқсан-69%),

                                 (ІV тоқсан-71%).

2028 жылы кемінде 73%-

                           (І  тоқсан-66%),

                                (ІІ тоқсан-68%),

                                (ІІІ тоқсан-70%),

                                (ІV тоқсан-73%).

 

- Патрульдік қызметке бақылауды күшейту, жеке құрам арасында тұрақты негізде ашық және жасырын түрде тексерулер жүргізу;

- Жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бойынша алдын алу және түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептерді анықтау;

- Әскери және қызметтік сабақтарында жаңа заңдар, нормативтік-құқықтық актілер мен бұйрықтарды оқыту;

- Қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының заңдарын, өзге де нормативтік-құқықтық актілерін білуді және олардың орындалуын талап ету;

- ҚР ПМ бұйрықтары мен Заңдарын оқыту бойынша бөлім басшыларымен психологиялық әңгімелер жүргізіп, әскери дайындық сабақтарын өткізуін ұйымдастыру;

- ҚР ӘҚБтК-нің 894-бабының толық орындалуы бойынша іс-шараларды қамтамасыз ету;

- Әрбір құқық бұзушының деректер базасын пайдалана отырып, кірісін анықтап, күштеп өндіру сипатындағы іс-шаралар туралы БАҚ құралдарына, әлеуметтік желілерге және «Ашық акимат» интернет айдарына жариялап отыру.

15

Жеке құрамның кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған жұмыстардың тиімділігін арттыру

Барлық расталған хабарламалар мен ақпараттардың үлес салмағы 10% артық емес

- Патрульдік қызметке бақылауды күшейту, жеке кұрам арасында тұрақты негізде ашық және жасырын түрде тексерулер жүргізу;

- Жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бойынша алдын алу және түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептерді анықтау;

 - Әскери және қызметтік сабақтарында жаңа заңдар, нормативтік-құқықтық актілер мен бұйрықтарды оқыту;

- Қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының заңдарын, өзге де нормативтік-құқықтық актілерін білуді және олардың орындалуын талап ету;

- ҚР ПМ бұйрықтары мен Заңдарын оқыту бойынша бөлім басшыларымен психологиялық әңгімелер жүргізіп, әскери дайындық сабақтарын өткізуін ұйымдастыру.

16

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында азаматтарды және азаматтық қоғам институттарына тарту

2025 жылғы барлық қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша қатысушылардың хабарламалары мен ақпараттарының тіркелген үлес салмағы кемінде 3% барлық

әкімшілік құқық бұзушылықтардан кемінде10% 2026 жылы барлық қылмыстық құқық бұзушылықтардан кемінде 5%, барлық әкімшілік құқық бұзушылықтардан кемінде 20% 2027 жылы барлық қылмыстық құқық бұзушылықтардан кемінде 10%, барлық әкімшілік құқық бұзушылықтардан кемінде 20% 2028 жылы барлық қылмыстық құқық бұзушылықтардан кемінде 15%, барлық әкімшілік құқық бұзушылықтардан кемінде 25%

-«Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша азаматтардың және қоғамдық институттың қатысуы» туралы жобаны әзірлеуге қатысу;

-«Жұмыспен қамту» орталықтарында жұмыссыздар есебінде тұрған азаматтарды полиция қызметкерлерінің «Қоғамдық көмекшілер» қатарына алып, «Қоғамдық көмекшілер» институтын дамыту;

-Студенттік жатақханаларда, оқу-зертханалық кешендерінде құқық қорғауға бағытталған, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша әр жоғарғы оқу орындарынан оларды материалды ынталандыра отырып, студенттік құрылымдар құру;

-Жоғарғы оқу орындарынан еріктілер қатарынан профилактикалық жұмыстар жүргізу үшін институт құру;

-Полицияның қоғамдық көмекшілер қатарына мемлекеттік емес (жекеменшік) қызметкерлерді тарту бойынша жұмыстар ұйымдастыру.

 



Решение Бокейординского районного маслихата №32-2 от 2 декабря 2025 года
Дата публикации
05 декабря 2025